ВЕРНУТЬСЯ

   Жамылып
Телемгеннің мамық түнін,

Жаннатта
жатырмысың алып тыным?!

Тоқсанға
толқымай-ақ жетіп ең ғой,

Қалайша
кете бардың,
жарықтығым?!

Жүрсең
де анда-санда жөтелменен,

"Өмірден,
ойымжоқ-ты, өтер" деген.

Қаумалап
халқың көкке
көтергенде,

Қандай
жер салмағыңды көтермеген?!

...Түсімде
күндізгідей аян беріп,

Бірдеңе
айтпақ болдың, таяу келіп.

Күбірлеп
"Қош!" дедің де,

Ұзай
бердің,

Жырақта
бара жатқан жаяуға еріп!..

Соңынан ұшқым келді қанат
байлап,

Мұндайда
қырсыққандай,

(таң атпайды-ақ!)

Көз іліп
мызғымастан шықтым үйден,

Өзіңмен
жолығатын - сағатты ойлап!

Бұрын-соң
болған емес жолым жабық,

(Ойласам,
өкінемін
- көңіл
налып).

Тіріңде
тілдесуге үлгермедім...

Әттең
тек, қалмадым-ау қолыңды алып?

Әлі
де жүрсең деп ем, бір-екі қыс,

Қош
енді, жайлы орнында түне тыныш

Тіріңде
тілдесе алмай қалдым, Әке,

Жанымда
- жалғыз осы жүр өкініш...

Мұқалмас
болат едің, нағыз берік!

(Ажалды
сұрадың
ба, арыз беріп?!)

Өлмейтін
ел аузында хатың қалды,

Алашқа
атың қалды - аңыз болып!

Есімің
- алты Алашқа мәлім еді.

Сыйлайтын
Адай, Табын, Әлім елі...

Жыр
етіп айтатұғын
өсиетіңді -

Нарынның
жастары мен кәрілері...

Мол еді жұрт
алдында көсемдігің,

Мақтайды
қасиетіңді осы ел бүгін!

Тұқыртып
тастаушы едің әзілмен де,

Беріштің
- Жайығы мен Есенғұлын!

Кімде-кім
айтысуға именетін,

Айтысса,
өткір тілге түйрелетін!

Мықтылар
жиын-тойда жеңіліп қап,

Өзіңе
қол қусырып, сый беретін...

Біреулер
сөз айтады "жорта" маған:

"Өрбіген
тұқымсың,
- деп, -

Төрт
анадан!" -

Ол
- рас!

Айта
берсін: сал-сері боп.

Тумаспа кімге
қажет қорқақ адам?!

Өзің
ең аты шыққан - қыр елінен,

Азамат
- пайғамбардай, жүрегі
кең!

Өсіріп
өркен жайған ұрпағыңды,

Жастай-ақ
жанымызға жыр
егіп ең!..

Ер
жетіп, өттік біз де бел-белестен,

Сан
ұрпақ
бір-біріне "Сен" деместен.

Өзіңнің
өсиетіңнен
тәлім алдық...

Қадірлеп
ағайынды: Ел! - деп өскен.

Көп
еді жолдас-жора, жұрағатың, -

Әрқашан
айтқан сөзде тұра
алатын!

Өзіңді
тыңдау
үшін шұбырып
кеп,

Бастары
біздің үйде құралатын...

Сөз
бастап кесемдерше наз үнмен де,

Көсіліп
шешендерше - әзілмен де...

Жыр
оқып, жұртты
ұйытып тастаушы едің,

Сағынып
жүрмін соны - қазір мен де!

Еске
алдым өзіңді ойлап, таңда бүгін,

Адамның
жеткізбейтін - арманы мың!

"Жаныма
атам келді" - деп қуанып,

Шай
қойып жүрген
шығар Бағдагүлің.

Бар
шығар ол жақта да күйеу-келін,

Аз
болмас жекжаттан да сүйенгенің!

Қасыңда
- қайнағаң мен қайынбикең,

Қасыңда
- қарындасың, жиендерің...

Ежелден
молшылықты көксеп едің, -

Бар
шығар, ол жақта да - ексең егін.

Жаныңа
жақсыларды... жинап алып, -

Жұмақтың
төрінде отыр деп сенемін!' (Әке рухы)

II

Немерең:

-      Әңгіме айт! - деп, - ақын жайлы,

Шөберең:

-      Жыр оқы! - деп, - батыр жайлы.

Ортаға
өзіңді енді шақырмайды...

Мазалап
басыңды да қатырмайды...

Ұл
өсті - ұрпақ өсті, саяң кеңіп,

Бас
аман, өзің
бар да, баянды едік!

Досыңа
жалғыз атты түсіп беріп,

Жүрмейсің
айдаладан жаяу келіп?!

Шаруаң
жоқ ағайынның әр қайсында,

Мал
іздеп Нарынға енді бармайсың да.

"Кетті..."
деп, күліп кейбір

нағашың
жүр...

Соларға
көзіңді ептеп салмайсың ба?!

Әзіл
мен қалжың сөзге құмар едің,

Кеткен
жоқ, еш адамға, сірә кегің!

Содан
да болар, бәлкім, көңіл айтып,

Ағылып
келіп жатыр - сұрап елің!..

Жан
әке, жатқан жерің жайлы болсын!

Жұмақта
көрмегенің-
қайғы болсын!

Шұбырған
жолаушылар

Қабіріңнің
-

Басынан
жанып тұрған Айды көрсін!..

Жамылып
Телемгеннің мамық түнін,

Жан
әке, жатырмысың, алып тыным?!

Тірімде
көрмей
қалдым деп налыма,

Бір
кезде жолығармыз, жарықтығым!

Баяғы
тұлғаң - топ-толық,

Арыған
жоқсың әр шалдай.

Басыңда
- алшы кек бөрік,

Жүруші
ең Жуков
маршалдай!

Тағдырдың
тартып азабын,

Көрсеңде ақпан, аптабын,

Көрмедің
жұрттың мазағын,

Ауырып-сырқап
жатпадың!

Қалжыңға
басып бір уақ,

Қоюшы
ең елді көгендеп:

"Үстінде
аттың жүріп-ақ,

Әлейін десем, өлем!"
- деп.

Расқа
шықты сол сөзің!

Жетті
ме, Тәңір шіркінге?

Ажалдың
ауылы - қол созып,

Алды
да кетті бір түнде!

"Арманым
жоқ, - деп, тірлікте!"

Айтушы
ең кейде - аманат.

Өзіңе
сеніп жүрдік
те.

Қалмадық
кебін саралап...

Тоқсанға
жасың толғасын.

Өткіздік
шағын "той" қылып.

Жиналды
жора-жолдасың...

Тасын
да әкеп қойды жұрт.

"Әкеттің,
- деме, - қайда алып'

Кеңесіп
көрші-көлеммен
-

Орныңды
тауып, сайладық,

Өсиет
еткен - төбеңнен!..

Аттандың
жолға - ақырғы,

Аманат
артқа қалдырып.

Жүрекке
жазып атыңды,

Сақтаймыз, Әке, мәңгілік!