ВЕРНУТЬСЯ

    Өтпейді
мүлде күн деген

Өтпейді
мүлде кейде апта.

Отырып
ұзақ
түнде мен,

Ойлаймын
сені бейуақта.

Бейуақта
сені еске алам,

Сезімге
нелер тұншығып.

Секілді
бәрі өш
маған,

Өзіңсіз
өткен
тіршілік.

Тірліктің
сенсіз жоқ мәні,

Түсіндім
мұны
кейін мен.

Хаттар
да биыл тоқтады,

Жапырақтардай
сейілген.

Тоқтады
солай хат-хабар,

Ойларға
терең шомдырған.

Өтеді
кейбір апталар,

Көңілге
кірбің қондырып.

Көңілге
қонған "жазғы" бұлт,

Білмедім
қашан айықпақ.

Жүрсің
бе әлде жазғырып,

Баяғы
мені айыптап...

Әлде
бір жайлар елестеп,

"Ұмытқан
екен, - деп мүлде,

Яки
мендік емес" - деп,

Көңілің
суып кеттің бе?!

Ойлаймын,
бірақ таппаймын,

Ой
да бір биік - шынар шың!

Кінәлап
сені жатпаймын,

Кінәлі
де емес шығарсың...

Сезімге
қайтем құм құйып,

Адалдық
болмас ол-дағы:

Ойларға
шомып тұңғиық,

Сағынып жүрсең болғаны.