ВЕРНУТЬСЯ

      -Уақыт па?

-      Уақыт - өмірдің бұл өлшемі,

Пенде
біткен осынау - соның құйттай бөлшегі.

Мазмұны бар
- мәңгілік, қасиеті - қозғалыс,

Жеткізбейді
сондықтан қанша қусаң жол шегі.

-      Дүние ме?

-      Дүние - ұлан-ғайыр кеңістік,

Жаратпаған
бірақ та, оны түгел тегіс қып.

Таппас
еді келісім, таппас еді үйлесім,

Тауы
болмай егер де, тегіс болса жер үсті.

Уақыт
пен Кеңістік қозғалыстан тұрады,

Сондықтан
да бұлардың жоқ еш жерде тұрағы!

Шетсіз-шексіз
көкжиек - Кеңістіктің сыңары,

Алға
басу тоқталмай - Уақыттың ұраны!

Уақыт
пен кеңістік - шексіз әрі мәңгілік,

Сол
үшін де тұрады өзгеріп, һәм жаңғырып.

Көкжиектен
көрінбей асып кетсе Күн көзі,

Шығыс
жақтан атады тағы да бір таң күліп.

Күн
шығады өрмелеп,
барып-барып батады,

Уақыт
пен Кеңістік алмасып кеп жатады.

"Біреу
өлмей
біреуге - тірлік жоқ" деп

тегінде,

Айтылмаған
тектен-тек үлкендердің мақалы...

Қала
алмайды орнында өмірі
өтіп
тозған іс,

Жауап
таппай басыңнан асып жатса - сөз намыс!

Бар
болмыстың тірегі - Уақыт пен Кеңістік,

Қасиеті
бұлардың - мәңгі-бақи Қозғалыс!!!

Қоя
алмайсың ендеше, Қозғалысқа бір нүкте,

Уақытқа
ермеген ақындардан жыр күтпе...

Болмас
еді болмыс та, осы үшеуі болмаса,

Осы
үшеуі болмаса, болмас еді-ау,

Тірлік те!