ВЕРНУТЬСЯ

     Бір
кез бар - ой салар, тұңғиық,

Қарайтын
санаға нұр құйып.

Бір
көз бар айдындай тұп-тұнық,

Айтатын
өз ойын ұқтырып.

Бір
көз бар - шыныдай мөп-мөлдір,

Мейірмен
жаныңа төккен нұр.

Бір
көз бар - болмысты болжайтын,

Ар
менен намысты қолдайтын.

Бір
көз
бар - өз
сырын шертетін,

Сиқырлап,
соңынан ертетін.

Бір
көз бар - сомдайтын сезімді,

Осылар
- қорғайтын өзіңді...

Бір
көз
бар - қарайтын сұқтанып,

Алмайды
ол кеселден құтқарып?!

Бір
көз
бар - қарайтын сүзіліп,

Алдайды
ол өтірік
қызығып.

Бір
көз
бар - жыланша арбайтын,

Тұтылсаң
- қасыңа бармайтын!

Бір
көз бар - қылымсып, шақырып,

Кететін
балшыққа батырып...

Көздер бар...

Телміре
қарайды ол -

Осындай көздерге - абай бол!