ВЕРНУТЬСЯ

     Ояндым
өзіңді ойлап таң сәріден,

Сен
менің асылым ең, аңсарым ең!

Жұлдыздың
жарығынан сені көріп,

Таптым
деп таң алдында жар салып ем,

Ол
бірақ қиял екен...

Сені
ойлап таң сәріден тұрдым бүгін,

Қызықтап
жаңа шыққан күннің нұрын.

Екеуміз
бақ ішінде серуендеп

Келеміз.

Тамашалап
қырдың гүлін,

Құшаққа
сияды екен...

Бір
күндік махаббатқа жар сап келіп,

Сүйіссе,

сүйіскені
- жаңсақ! - делік...

Сарғайып
сағынышпен бір-біріне,

Қосылған
ақ жүректер аңсап келіп.

Дариға-ау,
қия ма екен?

Жанымның
сайран бағы,

Дертімнің
тапқан емін,

Сезімнің
пайғамбары -

Сен
маған ақ таң едің.

Ән
болып аяладың,

Ақ
самал мінезіңмен.

Көңілдің
сая бағын,

Таптым
мен бір өзіңнен.

Кеудемде
жатыр ағын,

Сен
болып, ақ шынарым!

Жанымның
жапырағын,

Өзіңе
тапсырамын...

Жаныма
нұр егілді,

Жабырқау
жатқан едім.

Жалғыз
ғой - жүрегімді,

Жоғалтпай,
сақта менің.

Мен
сені келер дедім,

Жанарға
сағыныштан жас толғанда.

Сан
рет жолға қарай елеңдедім,

Сүйеніп
тас қорғанға.

Мен
сені көрем
дедім,

Сағыныштың
жалыны өрлегенде.

(Жарылып
ойлай-ойлай өлер ме едім,

Қайтадан
көрмегенде...)

Кеттім-ау
тебіреніп,

Таныс
үн
құлағыма: "Мен" дегенде.

Алатау
аясынан сені
көріп,

Қуандым...

Қайтер едім келмегенде?..

Бірақ та,

Бір нәрсеге түсінбедім:

Болды
да соның бәрі бір күн елес...

Аман
бол!

Алысқа
ұшсаң
құсым
менің-

Айналып
бір соқпауың мүмкін емес!

Бір
ұшқын көзімде ойнап,

Кеудемнен
көшеді өлең.

Келемін
өзіңді
ойлап,

Сен
жүрген көшеменен.

(Адамдар
тірлігінде,

басынан
не кешпейді?!)

Ақ
қайың тұр бүгін де...

Сен
болып елестейді.

Екеуміз аралап ек,

Сол
жерден арай көрем.

Сен
кетіп бара ма деп,

Артыма қарай берем...