ВЕРНУТЬСЯ

     "АН-24"
лайнері,

Бұрылды
ұшу алаңына.

Борттағы
қыз былай деді:

Жұртты
шолып қарады да:

-      Қайырлы таң!     

сары
күзде,

Жақсы
жолға барыңыздар.

Аңсап
күткен бәріңізді,

Бала
менен жарыңыз бар.

Біреуіңнің
туғаның бар,

Біреуіңнің
танысың бар.

Аман
жетіп нұрланыңдар,

Аман-есен
табысыңдар!

Дала
түлеп жатыр біздің,

Қыр
асса да бала - көктем.

Келесіздер
Батыр қыздын,

Қаны
тамған самолетпен!

Ұшуға
жұрт іңкәр бұған,

Қою
үшін батырға гүл.

Күміс
қанат - сұңқар мына,

Курченконың
атында бұл!

Құрметтейміз
мұны
біздер,

Алдарыңда
тұр мүсіні...

Тамара
деп біліңіздер,

Надежданың
сіңлісімін!

Осыны
айтып қаршадай қыз,

Сәл
ойланып тұрып қалды.

Жолаушылар:

-      Шаршамаймыз!

айта
бер, - деп рухтанды.

Басында
олар елемеді,

Білген
жоқ-ты ұшарында.

Әр
жолаушы келеді енді,

Терең
ойдың құшағында.

Барлығы
да қаз-қалпында,

Самолет
те сол самолет.

Қыз
есімі қалды артында,

Ел
құрметі
болса керек!

Мұның
сырын біледі алап,

Айтар
болса - құдірет көп.

Надя
ғана күле қарап,

Салонда
тұр сурет боп!

Батыл
туған бір қыз еді,

Қыз
емес-ау, қырмызы еді,

Қатар
тұрған Қызыл Жұлдыз,

Ерлігінің
- жұлдызы еді.

Біледі
оны бал-бұлақтар,

Біледі
оны тау шыңдары.

Қарағайлар,
қарлы бақтар,

Ұмытқан
жоқ даусын да әлі.

Ерлік
істер қалады есте,

Ешкім
де оны ұмытпайды.

Сонау
соғыс бар емес пе,

Басқа
салған бүлік-қайғы...

Ұмытқан
жоқ фәни әлі,

Ассын
жылдар белесінен.

Мәншүк,
Зоя, Әлияны,

Шығармайды
ел есінен.

Солар
шабыт - құяды өлең,

Солар
- елдің әз ұраны!

Өшпейтұғын
сияменен,

Жүректерге
жазылады.

II

Қалың
орман - қарағайлы,

Оранғандай
нұр сағымға.

Жолаушылар
Надя жайлы,

Келеді
ойдың құрсауында.

Мерзляков
- москвалық,

Сонда
бірге ұшқан еді.

Құлақтарын
тосты халық,

Білуге
оны құштар еді:

-
Надеждамен сапта бірге

Қол
жүктерін көтеріп жұрт.

Он
бесінші октябрьде,

Батумидан
көтерілдік.

Балқып-ұйып
қалған мүлде,

Салон
іші - нұр ойнаған.

Арамза
мен Арман бірге,

Ұшады
деп кім ойлаған?!

(Надежда
Курченко өлгеннен кейін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталы.)

Кім ойлаған ұшады деп,

Адам менен азғын бірге.

Мұның
бізде мысалы жоқ.

Жақсы
өмірде жаздың кімге?

Жолаушыға
мұңаймаған,

Жолдың
жақын, ұзағы жоқ.

Қуанышты
кім ойлаған,

Қарақшылар
бұзады деп?

Әзіл
тастап жорта қызға,

Бірдеңе
айтып қайталады...

Екі
сатқын

ортамызда,

Отырғанын
байқамадық.

Ұшып
тұрып
қас қағымда,

Қаруларын
жалаңдатып...

Жасыл
мүйіс аспанында,

Қос
қарақшы адамды атты.

Самолеттің
ұшқанына,

Он-ақ
минут өткен еді.

Тапаншасын
ұстады да,

Қызға
бандит беттеді енді.

Надя
бірақ сескенбеді,

Жау
тұрса да аран ашып.

Жалғыз
өзі-ақ дес
бермеді,

Қанішермен
жағаласып.

Комсомолка
жігерленді:

"Өмір
яки өлім, демек!"

Кабинаға
жібермеді,

Қарақшының
жолын бөгеп.

Екі
бандит қару кезеп,

Салон
ішін гүрсілдетті.

Жол
бөгеген ару
кенет,

Оққа ұшты да, қыршын кетті.

Байыз
тапты ертеңменен,

Қара
теңіз атырабы.

Жапырақтар
жел тербеген,

Қоштасуға
шақырады.

Сағынып жар, не туысын,

Жолаушылар
асығады.

Асығады
- жету үшін,

Мезгіл
ерте - қашық әлі.

Еске
түсіп ұшарында,

Елестесе
сүйікті алдан.

Тыныштықтың
құшығында,

Бар
дүние
ұйып қалған.

Таулы
дала, тарғыл өңір,

Аппақ-аппақ
арал қандай?

Бүгін
мынау барлық өмір,

Күн
нұрынан жаралғандай.

Тартып
ауыл жаққа
қарай,

Әр
жанарда туады ұшқын.

Мынау
нұрлы аппақ арай, -

Тойы
іспетті
қуаныштың.

Той
деген сөз алып-ұшып,

Қыз
жүрегін толқытады.

Албырт
көңіл сағынысып,

Қуантып
не қорқытады.

Ойламайды
бірақ-бірақ,

Өлім
жайлы, қаза жайлы.

Махаббаты
сұрақ сұрап,

Түніменен
мазалайды.

Жыл дегенің самғап ақты,

Ілесіп
ап самолетке.

Надя
бірақ аңдамапты,

Толғандығын
кәмелетке.

Он
тоғыз да - таяқ тастам,

Үй
болуға жасы келген.

Он
алтыға аяқ басқан,

Сіңлісі
де қасына ерген.

Көрмеді
олар Қырымды да,

Қара
теңіз толқынын да.

Өсті
екі қыз жылынды да,

Бір
ананың қолтығында.

Оралдағы
бақтар қандай,

Осы
үшеудің - бал мекені.

Надя
оқуға аттанғанда,

Қош
айтысып қалды екеуі.

Қыз
жүрегін шымшылайды,

Сол
анадан шалғайлығы.

Ана
десе кім шыдайды? -

Ойынан
да қалмайды үні.

Осы
жолға жүрерінде,

Көз
алдында ана тұрды.

Теңіз
тулап жүрегінде,

Ұйықтамастан
таң атырды.

Ұйықтамастан
таңды атырған,

Сағыныштың
құдіреті ме?

Анасының
жарда тұрған,

Көп
қарады ол,
суретіне.

Көктің
жүзін кесіп ағып,

Қанша
бүгін белесті өтті.

Бәрін
соның есіне алып,

Көз
алдына елестетті.. .

Есіне
алды бала күнгі,

Ойнақтаған
құлын - шағын.

Есіне
алды Жаңа жылғы,

Соңгы
ойнаған қуыршағын,

Есіне
алды сіңлісінің,

Соңғы
жазған хаттарын да.

Есіне
алды құрбысының,

Бірде
мұңға батқанын да.

Есіне
алды Коля деген,

Бір
тентекті сүймегенін.

Есіне
алды Володямен,

Ең
соңғы рет билегенін.

Соңғы
жазған хат-хабар да,

Таяу
күнде келем деген.

Надя
жолға аттанарда,

Таң
атырды елеңдеумен.

Кез
алдынан сағым жүріп,

Ең
соңғы рет есіне алды.

Самолетке
ағылды жұрт,

Қош
айтысып есік алды...

IV

Қара
теңіз толқып-тасып,

Ақ
көбігін сапырады.

Қыз
бен жігіт
қолтықтасып,

Кетіп
бара жатыр әні.

Ортақ
мақсат-мұраттары,

Екеуінде
бір-ақ арман.

Владимир
бір аптаны.

Деканынан
сұрап алған.

Өсірсе
де неке гүлін,

Үйленбеген
бойдақ әлі.

Үй
болуы екеуінің,

Осы
күзде тойланады.

Алдарынан
самал есіп,

Шақырады
аппақ үміт.

Көңілдері
қалады өсіп,

Серуендесе
баққа кіріп.

Надежданы
жерледі оған,

Қадір
тұтып
қасиетін.

Қабір
жатыр...

Келген
адам,

Тағзым
етіп, бас иетін.

Жас
қабірдің күзеті боп,

Жалғыз
ағаш қасында тұр.

Туған
елдің ізеті көп -

Гүл
шоқтары басып жатыр.

Көңіл
үшін бұл
да медет.

Анасына,
сіңлісіне...

Тірі
жүрсе, нұрға
бөлеп,

Балар
еді-ау мың кісіге,

Сән
бар еді жарасымды,

Оған
бөлген үй бар еді.

Тірі
болса - бар асылды,

Соған
бұлар
сыйлар еді.

Басын
қосып жастар тағы,

Тойлар
еді биыл бәрі...

Махаббаттың
дастарханы,

Батыр
қызға бұйырмады.

Батылдығын
ескерді ме,

Дос-құрбысы
еркелетті.

Бұл
өмірге
кеш келді де,

Бұл
өмірден ерте кетті.

Қыз
емес-ау, қырмызы еді,

Түйген
намыс - арды бетке.

Көкте
туған жұлдыз
еді,

Жұлдыз
болып қалды көкте!

V

Жерленгелі
аз күн өтті,

Қабір
жатыр сыз бөктеріп.

Талай
адам тағзым етті,

Талай
елден іздеп келіп.

Надя
осында жерленгенде,

Басын
иіп тұрды
алаңда -

Москвадан
келгендер де,

Жас
жігіттер- Кубадан да.

Венок
келді жас қабірге,

Вьетнам,
Сириядан...

Келді
жастар басқа күнде,

Ангола
мен Индиядан.

Гүл
әкелді баққа бәрі.

Толған
ізгі тілектерге:

"Қыз
есімі сақталады,

Мәңгі-бақи
жүректерде".

VI

Сарғыш
тартып атырап та.

Қаздар
қайтып ұшып жатыр.

Бір
сурет жапырақтай,

Тамараның тұсында тұр.

Мынау
соның кітаптары,

Өлеңге
әсте құмар еді.

Бозторғайлар
бұтақтағы,

Надеждаға
ұнар еді...

Мынау
соның күй табағы,

Тыңдар
еді шаршағанда.

Электрлі
гитара әні,

Сырын
шертті қанша адамға!

Оқымай-ақ
ұқ
түрінен,

Бір
күн керек ақтарғанша.

Туған
елдің түкпірінен,

Келіп
жатқан хаттар қанша?!

Тома
соның бірін ашып,

Шаттанады,
жасарады.

Енді
бірде нұры қашып,

Жанарына
жас алады.

Мына
хаттың авторы кім,

Удмурттың
қаласынан:

"Тыңдап
өстік шаттық үнін,

Жолдасына
жаны ашыған -

Қимасындай
жақын еді,

Өзімшілге дес бермейтін.

Сөз
сөйлесе
- ақын еді,

Оны
өзі
де ескермейтін..."

Тағы
оқышы мына екеуін,

Таня
менен Маринадан:

"Надежданың
кім екенін,

Енді
бүкіл
таниды адам.

Есімізде
бала - көктем,

Надеждаға
кеткен еріп.

Біз
де сондай, самолетпен,

Ұшамыз
деп серт те бердік.

"Адам
өсіп,
гүлдене ме,

Өз
Отанын пәк сүймеген.

Сенің
ісің- үлгі-өнеге! -

Деп
жазыпты, Пак Син деген:

...Донда
туып, Дунайда өстім,

Көрдім
барып тың даланы.

Батыр
болып тумайды ешкім,

Ол
- айқаста шыңдалады!

Сенің
де бұл батылдығың,

Сабақ
болды сақтық үшін.

Жырға
айналса атың бүгін,

Сен
ерліктің авторысың.,."

Хат
жазыпты қасиеттеп,

Валентина
Терешкова:

"Ерлігіңе
бас иед, - деп,

Космос
та керек болса!..."

Хаттар
қанша - санап қара.

Есебі
де, саны да жоқ.

Қыз
ерлігін мадақтаған,

Өлең-жырлар
тағы да көп.

Қосып
оның атын жырға,

Қалдырмады
мұрасын кім?

Өлеңдері
жатыр мұнда -

Қайсын
менен Расулдың.

Р.
S: Өкпең бар ма бұл өмірге,

Атың
мәңгі қалса жыр боп.

Сақтаса
елің жүрегінде,

Қанша
Даңқ!

Қанша
Құрмет!

Шарбағында
тұр мүсіні,

Өзі
оқыған мектебінің.

Атын
жазып құрбысының,

Партасына
кетпеді кім?!

Тау
басынан қайнар тапты,

Тұп-тұнық
боп тұрған ұйып.

Курченко
деп айдар тақты,

Альпинистер
шыңға биік.

Ескерткіші
тұр көшеде,

Сияқтанып
батыр-мерген.

Сухумиде
бір көшеге,

Курченконың
атын берген.

Халқың
үшін
қасық қаның,

Туған
жерге тамса нұр боп.

Саған
елдің ғашық бәрі -

Қанша
Даңқ!

Қанша Құрмет!!