ВЕРНУТЬСЯ

      Жел
құтырды, құтырды,

дала
шаңыт.

Қағып
жатыр тақырды алаша ғып.

Қуып
келіп ылдиға қаңбақтарды,

Жөнеледі
кейде оны ала салып.

Көтеріп
ап қоқысты лақтырады,

Үй
түндігін еріксіз жаптырады.

Ұйқы-тұйқы
боратып алдындағы,

Күл-күбірді
әудемде сап қылады.

Кіріп
келіп көзінен керегенің,

Айтып
тұрды
мақтанып өз өлеңін.

Қара
бұлтты көрді де тына қалды,

Кім біледі ол бұлттың не дегенін.