ВЕРНУТЬСЯ

       Қарама
маған қиялға шомып әр қайда,

Жазылған
жалғыз бақыт бар әрбір маңдайға!

Таппайсың
іздеп бақытты, бауырым, басқадан

Сезімге
сенсең әкетер сүйреп
шалғайға...

Басымнан
өтті сергелдең күндер менің де,

Ердім
де кеттім бақыт бар деген сенімге.

Кездесті,
бірақ, бақыттан безген бейбақтар

Өмірде
ондай болатын шығар, тегінде?..

Бақыттан
безіп, бақытын тапқан бар шығар,

(Мұндайда
қайтіп, намысың төзер, ар шыдар?!)

Басына
қонған бақытын сатып басқаға,

Сенделіп
жүрген өмірде небір "аңшы" бар...

Еліктеп
жүріп қызықтым кейде сондайға,

Апарар
жерін білмедім, бірақ, ол қайда?

Ойласам
бүгін ақылсыз туған ондайлар,

Ұқсайды
екен, еритін жазда тоң майға...

...
Бақытты жансың - тіршілік еткен кезіңде,

Ермесең
егер құл болып сиқыр сезімге!

Біреудің
бақыт көретін екі көзінде,

Біреудің
бақыт сұлулығының өзінде...

Бақытты
жансың сөнбесе күнің көгіңде,

Бақытты
жансың күресіп өтсең
өмірде!

Осыған
ғана сенуің керек.

Алайда:

Ойлау да керек, бақытты жандар жөнінде!