ВЕРНУТЬСЯ

      Ақ
Жайығым,

ақ
дариям - түсі аппақ,

Барасың
ба, қартайғасын ұсақтап?..

Орал
тауын орап шығып, Каспийді -

Сағынған
соң жатырмысың құшақтап.

Арындайсың
пар жегілген
қос аттай,

Ел
кезесің, жер кезесің - бос ақпай.

Жатырмысың
сағынған соң аймалап,

Ел-жұртыңды
бауырыңнан босатпай!.

Атырауға
жетсем бе деп ертерек,

Асығасың
таудан құлай ентелеп...

Ақ
шабағың шоршып-шоршып түседі,

Қуанғандай
келгеніңе еркелеп.

Көк
теректер қуанысып қаумалап,

Мәз
болады толқыныңа аунап-ақ.

Жол-жөнекей
үлестіріп шығасың,

Келе
жатқан қазынаңды таудан ап.

Өзіңе
тән - асып-тасқан мырзалық,

Алғыс
та алдың ел-жұртыңды ырза ғып.

Сен
туралы Есенжанов сыр шертсе,

Тайыр
талай тебіренді жыр жазып.

Ақ
Жайығым,

Ару
сынды - ақ маңдай,

Күнің
бар ма сенің дамыл тапқан жай?

Сені
ойласам - қолын бастап Чапаев,

Ақ
боз атпен шауып бара жатқандай!

Ақ Жайығым,

түсің
сенің - айдан ақ!

Келдің
мұнша сұлулықты қайдан ап?

...Асыр
салған ақ шабағың секілді,

Ойнар ма едім, айдын төсін аймалап.