ВЕРНУТЬСЯ

       Төске төсі,

Белге бел түйісіп бір,

Қыз бен жігіт көшеде сүйісіп тұр.

"Жасаған, сақтай гөр!" -деп, жер
шұқылап,

Бұрышта кемпір отыр бүрісіп бір:

"Құдай-ау, мұның неткен тосын еді,

Қызығы дүниенің осы ма еді?!

Қыз болып өстік біз де!

Көрмесек те

Біреуге тағдыр айдап қосып еді...

Өмірден бақыт таптық сонда да біз,

Қалды артта жастығымыз - болған аңыз.

Әлпештеп ұл өсірдік, қыз өсірдік

Ал бүгін солар үшін қорланамыз!" -

Ұяттан кемпір отыр беті
күйіп;

"Қайда, - деп, - ар-ұяттың соты биік!"

Ары жоқ махаббаттар оны қайтсін,

Бикеш тұр "ғашығына" бұтын иіп...

Бұларға қайдағы сот,

қайда сынақ? -

Дейсің-ау.

Бірақ ол да пайдасыз-ақ!

Орын жоқ автобуста!

Кемпір-шал тұр,

Қақ терде екеу отыр жайғасып ап.

Бейне бір болғандай-ақ айға ғашық,

Барады бұл екеуі қайда адасып?! -

Қаптаған жолаушымен қапері жоқ,

Сүйеді бірін-бірі аймаласып...

Ақырды бір азамат - аты дардай:

-      Бүйткенше
өтпейсің бе, қатын алмай!

Сүйеніп таяғына мүгедек тұр...

"Тұр!" деуге екі арсызға дәті
бармай.

Мұнша жұрт сөз айтуға ары бармай,

От шарпып, бетін аяз қарығандай,

Тұр еді...

Бір бәйбіше тиісті кеп,

Ұяттан жүрегі оқ боп
жарылардай.

Назары әлгі екеуге ауып тегі,

Әйелдің көз қарасы қауіпті еді:

-      Бет
қайда, ұят қайда?

-      Шешелерің

Тауықша аунап күлге тауып па еді?!

Япыр-май, неткен мұнша сорлы едіңдер,

Қалайша әке-шеше көрмедіңдер?!

Тегінде қонақ күткен үй болсаңдар,

Отыру керек онда төрге кімдер?

Сендерге сез айтуға тиіс пе едім,

Сұмдық қой талтүсте бұл сүйіскенің!

Жұмақта жүргендей боп келесіңдер,

Бұл жайлы біле ме екен үй-іштерің?!

Жұмыс жоқ, табасыңдар ақша
қайдан,

Келе ме әлде тегін патша-байдан?!

Сірә, бір түстеріңе енбей ме екен,

Қара шал, қара кемпір Қапшағайдан!

Бірдеңе бүлдірсе де бұзып-жарып,

Мұндайға бармаушы еді біздің халық.

Ұлтыңды жерге тықпай, әй
әумесер,

Тұр қане, тай орныңнан қызыңды алып!

II

"Қаладан жақсы әдетті үйренем деп,

Бұйырса - жақсы аруға үйленем" - деп,

Келсе де үміт артып...

Көше кезіп,

Қаңғырған безбүйректер сиреген жоқ!

"Мен де бір қала барсам, сый көрем деп,

Сыйлайтын жігіт тауып, үйге енем" - деп,

Келсе де арман етіп...

Ардан безген

Түндегі көбелектер сиреген
жоқ!

Жалқауға киім тегін,

қорек тегін!

Жалқаулық кімді, сірә қор етпедің?!

Тегінде сондайлардың лаңы-ау деп,

Ойлайсың "Жетімхана" бөбектерін!

Кетпейді көз алдыңнан бұл сүгірет,

Көргенде жүрек сыздап, түршігіп ек.

Айтпауға шараң да жоқ

Жетімектер -

Жезөкше махаббаттың қырсығы! - деп.