ВЕРНУТЬСЯ

    Ақ
жаңбыр төпелеген,

Шөлдерге
жаусын, жаусын!

Жайлаудан
өте
бере -

Толастап,
таусылмасын!

Жатқанда
бұйығып қыр,

Найзағай
жалтылдасын!

Ақ
таңда - сүйініп бір,

Айнала
ән тыңдасын!

Жамылып
күміс шықты,

Қаз-үйрек
қызықтырып,

Көлдегі
тыныштықты -

Билесін
бұзып тұрып.

Табиғат
құзырынан,

Айығып,
сән құрғасын;

Пәнизат
қызығынан -

Сені
де қалдырмасын!

Бұлақ
боп тасып ағып,

Көктем -
қыз

сыңғырласын.

Түндігін
ашып алып,

Тыңдасын
бұлбұл даусын!

Сұңқар
боп саңқылдаған,

Үніңді
тау тыңдасын...

Қаз
болып қаңқыдаған,

Көлдерде даусың қалсын!