ВЕРНУТЬСЯ

     Көп-ау менен ғасырым, күткендерің,

Болмаса
да нақ осы біткен жерім, -

Рақатынан
тірліктің шеттеу қалып,

Шынымды
айтсам, мен саған түк бермедім.

Тауқыметті
көп
тарттым - тұнжырадым

(Бү
тірлікте бір күліп, бір жыладым).

Көп
күнімді күйбеңмен өткізіп ап,

Солар
үшін кейде мен қынжыламын.

Қарс
айрылып оны айтсам көкірегім,

Жан-жүйемді
өртейді оты менің...

Керуеніңе
өзіңнің ілесе алмай,

Қалдым-ау
деп жырақта, өкінемін.

Жаралсам
да өзіңнің
мысқалың боп,

Айта
алмаймын тізгінді ұстадым деп.

Қасиетіңнен
кеп нәрсе үйренгенмен,

Шалыс
басқан жаңылып, тұстарым көп!

Самғап
жүрген,
ғасырым, құстарың
көп,

Мен
де оларға ұмтылдым ұқсағым кеп.

Байқоңырдан,
әйтседе, старт алып,

Ғарышыңа
бір де бір ұшқаным жоқ...

Бергенімнен
көп тегі бермегенім,

Маңдай
терім сіңген жоқ жерге менің.

Қарызыңды
қайткенде ақтаймын деп,

Құшағында
көп ойдың тербелемін...

Кергенімнен
көптегі көрмегенім,

Тұрмаса
да столым төрде менің...

Үмітімнің
тұлпарын өрттеп
мініп,

Биіктерге
келеді-ақ өрмелегім.

Тебесіне
шықсам деп мұнараның, -

Тарта
берсем табармын бір амалын!

Кейін
қалған кезімді кешсең болды.

Ал,
өзіңнен
бір нәрсе сұранамын:

Жатсын
десең бұрқанып,
тасып жігер,

Найзағайлы
қамшыңды басып жібер!

Нөсерлетіп
көрейін.

Жауа
алмасам -

Өртеніп-ақ кетейін - жасылды бер.