ВЕРНУТЬСЯ

     Сарыала жапырақтар

Қонады қалқып ұшып.

Мүлгиді атырап бар

Жамылып алтын ішік.

Бу шығып бүйірінен

Ағады жылға-бұлақ.

Ақбөкен үйірімен

Барады Сырға құлап.

Дәнді алқап жалтылдайды,

Жайғандай дүзге кілем.

Жер-Ана ән тыңдайды,

Аққулар тізбегінен.

Қайың тұр амал қылып,

Шық моншақ тағынып ап.

Сүйеді самал - жігіт

Қалғандай сағынып-ақ!

Бұлбұлдар сайрамады,

Бұтаққа жайғасып жай.

Дөңгелеп Ай барады,

Әлемнің айнасындай!

Тәкәппар тау-шыңдар да

Өрлейді сүйіп өрін.

Қызығы таусылған ба,

Думанды дүниенің?!