ВЕРНУТЬСЯ

       Ей,
адамдар!

Тыңда
мені,

Құлақ түр:

Ана
тілім - Қазақ тілі,

бір-ақ
тіл!

Арғы
тегім кедей-кепшік болса да,

Кедейліктің
белгісі емес бірақ бұл.

Жырын
тыңдап жылынсам да бесіктің,

Ана
тілдің қасиетін кеш ұқтым...

Әліппеден
соғыс бөліп
кетті де,

Сөз
қадірін бертін келе есіттім.

Айтысқанды
талқан еткен - тәрік қып,

Жамбыл
еді жүз жасаған - жарықтық!

Кремльде
өз
тілінде ән шырқап,

Қазағының
кім екенін танытты.

Қасарысқан
тағдырына қатал боп,

Қару
кезеп тұрса да хан: "Атам!" - деп,

Өткір
тілдің қанжарымен өлтірді,

Баймағанбет
сұлтанды
да Махамбет.

Сазды
әуенді сыйла, мейлің,

сыйлама,

Жорғасынан
жаңылмайтын - к үй ғана...

Домбырасын
өз тілінде сөйлетті,

Құрманғазы,

Дәулеткерей,

Дина
да!!!

Осы
тілмен мен де өзімді
таныттым,

Осы
тілмен жүрек сырын ағыттым...

Осы
тілмен дүниеге үн қаттым,

Өкілі
боп Қазақ деген халықтың.

Осы
тілмен бар әлемді шарладым,

Осы
тілмен қызға да өлең арнадым.

Ақын
етіп сөйлеткен де осы тіл,

Осы
менің - бар бақытым, бар малым.

Ана
тілім - аялайтын бір гүлім,

Ана
тілім - саялайтын тірлігім.

Ана
тілім - әнші құсым, бұлбұлым,

Сайрап кетсе сарқылмайтын жыр бүгін!