ВЕРНУТЬСЯ

      Сапар
шегіп әр жақтағы елден біз

Бурабайға
демалыс ап келгенбіз.

Бірге
отырып дәмдеп тойды
осында

Төрт-бес
жасар, анасына ерген қыз.

Өңі
сынық!

Көрінбейді
нұр-жалын,

Анда-санда
сөзін
соның тыңдадым.

Сезіп
жүрдім айтпаса да,

ішімнен
-

Жанарында
жасырынған мұң барын!

Көңілденіп
сөйлеседе
үнемі -

Анасы
да сырын ашпай бүгеді.

Сонда-дағы
сездіретін тәрізді,

Жұмбақ
ойын дүрсілдеген жүрегі.

Ақ тал шықтар түспесе де шашына,

Келіп
қалған бір белеске жасы да!

Бірде
үйіне кетіп еді...

Қайтарда

Бір
дәу еркек еріп келді қасына.

Келіп
бірде қыздың ойын сынағым:

-      Неге мұнша өңің сынық, шырағым?

Ренжисің...

Қуанбас
па мұндайда,

Әкең
келген екен ғой? - деп сұрадым.

Бұл
сауалым жақпай оған қалды ма,

Әлде
ойына намыс отын салды ма? -

Бір
үстелде
дәмдес болған әлгі қыз

Жылап
берді, бетін басып алды да!

Шошып
кеттім!

Түсінбедім:
"Неліктен?"

Жерім
жоқ-ты қыз намысын кеміткен.

-      Кешір, қызым, не боп кетті? - дей берді

Мұнда
сені жылатам деп келіп пе ем?!

"Қап,
әттең!" деп басымды да шайқадым,

Қыздың
мынау жұмбақ сырын байқадым!

Амал
қанша?

Қыз
өсірген анаға -

Жүрегімнің
бір үкімін айтамын:

-      Аялаймыз, қызды өмірдің гүлі деп,

Қыз
өсірсең,
жылап өтпөй, күліп өт!

Қыз
дегенің -тіршіліктің тұтқасы,

Онсыз
бүткіл адамзаттың күні жоқ!

Баспа
аяққа қыздың ұят - намысын,

Күресіп өт
солардың тек Ары үшін.

Қыз
өсіріп,..

Жесір
қалған анаға
-

Қыз алдында көзге түсу - тағы сын!