ВЕРНУТЬСЯ

     Шаттығым,

бала
күнім -

Бегайдарым,

Аққұмым,

лала
гүлім -

кең
аймағым.

Қоштасып
мен өзіңнен
кеттім ерте,

Тербеліп
бесігіңде тек ай жарым!

Көрмедім
бірақ сенен даңқты асқан,

Сен
болдың сағынышымды алып қашқан.

Мендегі
ақ махаббат, аппақ сезім,

Өзіңнің
қасиетіңнен қалыптасқан!

Көрмедім
сенен асқан сымбатты мен,

Өзіңсің
-дүниедегі қымбаттым ең!

Көп
жазып біразырақ кетсем-дағы,

Жүремін
жүрегіммен жырлап кілең.

Кең далам,

кербез
далам,

алтын далам,

Бесік
боп тербелесің әр күн маған!

Кейде
сен күмбірлейсің көкірегімде,

Күй
болып әлі күнге тартылмаған.

Сардалам,

салқын
далам,

іңкәр
далам,

Сен
менің шаттығымсың шырқалмаған.

Әлі
өзге жан тербетіп жазғаным жоқ,

Тамаша
өлеңді
де жұрт арнаған.

Алғам
жок, қадіріңді тегіс біліп,

(Дұрыс
па, әлде мұным теріс қылык.?)

Көз
жазып көп уақыт кеткесін бе,

Бейнеңді
сала алмадым келістіріп.

Аман
бол,

Қайда жүрсем,

ауыл-аймақ,

Жазбаған
туған жерге бару айлап...

Сен
мені жатсынбасаң болғаны тек,

Жетермін сағынғанда салып айдап!