ВЕРНУТЬСЯ

      Өмірде жолдар санаулы-ақ,

ай жаққа, қашан бармайын.

Тұрады
жанып, алаулап

Мәңгілік
шырақ әрдайым!

Жанады
күндіз-түнімен,

Болса
да маңы тас-тұман.

Көремін,
тіпті мұны мен,

Төпеген
жаңбыр астынан!

Даңққа
ұсап өлмейтін,

Алаулап
тұрып жанады:

Мәңгілік
суып, сөнбейтін

Жүрегі
құсап Ананың!

...
Айрылып аспан көркінен,

Сол
түні
жұлдыз жиі ақты.

Соғыстың
жаққан өртінен

Тұтанып
кеткен сияқты...

Содан
соң жансын лапылдап,

Дұшпанға
деген кекпенен!

Жеңіске
қарай жақындап,

Сеніммен
алға беттеді Ел.

Төгілген
қаны - анық бұл,

Майданда
өлген
ұл-қыздың.

Сөнбейтін
от боп жанып тұр,

Жүрегі
Қызыл Жұлдыздың!

Мәңгілік
шырақ!

Қараңдар:

Жанары
- жас та, жаны - бұлт,

Келеді
мұнда адамдар

Ертелі-кеште
ағылып.

Келеді
мұнда сан адам,

Ауылдан...

Қала
- қайдан да.

Келеді
шал мен ана да

Баласы
кеткен майданға!

Келеді
мұнда жесір де,

Көзінде
мұңлы арман бар.

Фамилиясы
есінде -

Әкесін
көрмей
қалғандар...

Келеді
мұнда кәрі әже,

Қанаты
сынып қайрылған;

Көре
алмай қызық дәреже,

Ұлынан
түгел айрылған!..

Келеді
он бес Одақтан,

Өкілдер
венок көтерген.

Келеді
турист, қонақтар

Туысқан
елден,

Шет
елден...

Келеді
жат та, таныс та,

Сәті
бір түскен
сағатта.

Аттанар
күні ғарышқа,

Келеді
космонавтта!

Келеді
халық ағылған,

Жүзінде
шаттық шырай бар:

Ақ
жібек желек жамылған,

Қалыңдық
пенен жұбайлар...

Келеді
халық Солдаттың

Бейнесін
көріп
қайтуға;

Жүректен
соған арнап мың

Алғысын
мәрте айтуға...

Тыңдайды
бұл күн Жауынгер,

Халықтың
айтқан сөздерін:

"Соқпайды
енді дауыл, жел,

Қорғады
жаудан өз
жерін!..."

Алқызыл
алау - тұр
қандай!

Шалқиды
шырақ желменен:

Орамал
бұлғап тұрғандай,

Шақырып
елді келмеген!..

Келеді
қала...

Бар
ауыл...

Қабылда
Солдат, қабылда!

Тұрады
күнде қарауыл,

Күзетіп
сенің жаныңда.

Тыныштық!

Заман
түзелді!

Жеңістің
аты - жыр-аңыз!

Қорғадың
бізді...

Біз
енді -

Сені де қорғап тұрамыз.