ВЕРНУТЬСЯ

     Жүргелі
тұрмын,

Жадырап
бірақ күлмедім.

Әдетім
емес ойласам егер бұл менің.

Қасымда
жоқсың, қайрылып тағы қарадым,

Қай
жерде сенің жаудырап қалды жанарың.

Самсаған
көздер қарайды жұртқа
сүзіліп,

Моншақтай
тамшы түседі жерге үзіліп.

Соларды
көріп
кеңілге дақпырт енеді,

Қараймын
кейде қимағандарға қызығып.

Қош-сау
бол бәрің!

Жол
жүріп қазір кетемін,

Саған
да сол сөз - аяулы аппақ мекенім!

Білмесем
бәлкім қадіріңді бүгін, кеше гөр,

Айырам
бірақ ақ пен қараның не екенін.

Қозғалды
поезд.

Шаттанып
неге күлмедім?

Әдетім
емес әншейіндегі бұл менің.

Артыма
тағы қайрылып қайта қарадым,

Қош, деген сөзді ішімнен айтып барамын.