ВЕРНУТЬСЯ

Арманым

    Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.

He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.

Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.

Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.

Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай,

Ішім қайнап тағы да шыдап жата алмай,

Мендей міскін бар ма екен хақтың құлында,

Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай.

Мен дос көрсем, мені санап дұшманға,

Айтқанымды алғыза алмай еш жанға.

Қаскүнемнің хайласына көз жетпей,

Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда.

Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың,

Нұрмаш пен Дүйсен

        Нұрмаш айтады:
«Дүйсен, біздің үйге бала бол, сонда біздің үйдің кісілері сіздікінен екі рет
артық болады». Дүйсен ойлап тұрды да: «Жоқ, Нұрмаш. Сен біздің үйге бала бол,
сонда сіздің үйдің де, біздің үйдің де кісілері бірдей болады», - деді.

       Табыңдар,
балалар, Нұрмаштың үйінде неше кісі бар? Дүйсеннің үйінде неше кісі бар екенін?

Жаңа тілек

   Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,

Ескі жылды есмере де жүрелік.

Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,

Көзің жасты, көңілің қаяу, алашым!

Жұрт болудың ойланалық амалын,

Қамсыз жатар емес енді заманың.

Надандықтың қираталық қамалын,

Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым!

Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,

Қасекеңді қас масқара таптасын.

Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,

Аш көзіңді, болма баяу, алашым!

Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,

Ел боламын, тең боламын дер болсаң.

Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі

   Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды кәдәри хал1 көрсетсеңші,

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.

He файда бір орыннан қозғалмайтын,

Тазармас қарасу да жатқан ақпай.

Артықтан тағлым алып, кемпе үйретпей,

Жүруің лайық па ғақыл таппай.

Сен неге бой көрсетпей жасқанасың?

Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай.

Бұл шайда сөз базары көтерінкі,

Сынаспай бақытыңды сен де баптай.

Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің,

Сөзіңді біреу сөгіп, біреу мақтап.

Мектептен

   Мектептен қайтып балалар

Қызарып беті суықтан.

Үй алдында Майлыаяқ

Жатыр еді суықтан.

Құйрығын бұлғап еркелеп

Қылды ықылас шындықтан.

Күліп шулап, кірсе үйге,

Самауыр тұр бу шыққан.

Тойып алып тамаққа,

Балалар жатып тыныққан.

Страницы