ВЕРНУТЬСЯ

   Мектептен қайтып балалар

Қызарып беті суықтан.

Үй алдында Майлыаяқ

Жатыр еді суықтан.

Құйрығын бұлғап еркелеп

Қылды ықылас шындықтан.

Күліп шулап, кірсе үйге,

Самауыр тұр бу шыққан.

Тойып алып тамаққа,

Балалар жатып тыныққан.