ВЕРНУТЬСЯ

   Болыс, өзіңіз де келіңіз!

-        Жоқ, мені
қойыңыз, мұнда бар, «ет аз, күн жаз», қайта мына келіндерінің сараңдығынан
қатқан-құтқан қалыпты, - дейді болыс.

Бір табақ сүрді жеті-сегіз кісі айнала отырды. Сағындық
бидің атшысы - жас жігіт, тұтасымен салынған сыңар қазыны көтеріп алып, қолы
күйіп бара жатқан соң, тастап жіберді де, ұялғаннан:

-        Мынау жануар
кербиенікі-ау, - деді.

Сағындық би көзін қысып қалды. Махмұджан мұғалім мырс етіп
күліп жіберді.

Болыс, естімегенсіп, есік жақта отырған жылқышыға:

-        Мә, мынаны аса
да, тарт малыңа! - деді.

Қонақтар үн-түн жоқ, етті жеп болып, есік жақтағы бала-шағаларға
асатты да, табақты қайтарды. Майлық берілді, ет тураған жігіттер қолдарын
жалап:

-        Бәйбіше, қолдың
майын жеңілткендей бір нәрсе болса, - деді.

-        Менің
шідерімді әпер! - деді болыс.

Бір жігіт шідерге ұмтылғанша, болыстың тоқалы Ажар сандықтың
қабында қыстырулы тұрған бес-алты газетті алып қонақтардың алдына тастай берді.
Ет тураған жігіттер қолдарын сүрте бастады.

-        Қағаз қолдың
майын жақсы алады, - деп Сағындық би де майлықты тастап, бір газетті ала беріп
еді, Махмуджан мұғалім жұлып алғандай:

-        Би-еке, маған
бере тұрыңызшы, мынау менің газетім ғой! - деп бас салды.

-        Пай, пай,
біздің молда газет десе, өліп тұрады, - деді Сағындық би.

-        Жәдид ғой, -
деп үйдегілер бір сыпыра күлісті.

-        Мынау «Қазақтың»
175-інші нөмірі, мен мұның алдындағы үш нөмірін әлі алғаным жоқ, - деп ренжіген
түспен мүғалім болысқа қарады.

-        Молда-еке,
сонша іспеттейтін мұнда шариғат сөзі бар ма еді, мұнан бұрын иелген үш-төрт
қағазды үлгі пішемін деп шешей алып кетті, - деді Ажар тоқал.

- Адресімді өзгертпесем болмас, - деп, мұғалім кейіңкіреп
басын, шайқады.

- Молда! Осы газеттерден құтқарғаныңа менен не аласың, - деп
болыс күлді. Мұғалім үндемей газетті оқып отырды. Жұрт қол жуып болған соң,
мұғалім:

-        Міні, сіздер
газетті керексіз дейсіздер, оқып көрсетейін, пайдалы ма, зиянды ма екен, -
деді.

-        Оқыңыз,
оқыңыз, - деді отырғандар.

-        Осы бір
нөмірдің өзінде қанша керекті сөз жазылған! Қазақ малының есебін алу туралы сөз
бар, осы кездегі қымбатшылық жайынан жазылған. Міне, адвокат Райымжан
Марсековтың қазақ қамын ескерткен мақаласы бар, міні ел ішіндегі партия
пәлесінен туған өтірік шағым, хата өлген кісінің атынан жазылған арыз бар...

-        Оны жазушы
сабаз бір зәконшік қой, деп мұғалімнің сөзін бөліп жіберді.

-        Есеп демекші,
есеп жайынан не жазған екен? - деді болыс.

-        Май - июнь
айларында қазақ малының санағы алынады, соған шығуға талабы бар орысша оқыған
жігіттер осы бастан сұранып арыз берсін, - депті.

-        И-е-е, ана
жылғыдай орысша оқығандар тағы да жұртты әуре-сарсаң қылады десейші, сол жылы
мен ауылнай едім, біздің елді сонда қырып кете жаздаған, - деді Сағындық би.

-        Бекер шығар,
деп мұғалім нанбағысы келіп еді, үйдегілер тұс-тұсынан ана жылы санаққа шыққан
орысша оқыған жігіттердің мінезін айтыса бастады.

-        Жөкебайдың
торы атын ана бір көзілдірікті бұжыр жігіт айдалаға шауып көрінеу зарықтырып
өлтірді, - деді Сағындық.

-        Сонда ұялғаным-ай,
Жарықбаев деген бір қатпа қара шімірікпестен біздің Тоба-жанға «қызың сұлу ма,
күйеуге бердің бе?» деп қарап отыр, - деді біреуі.

-        Тобекең момын
адам ғой, сөйдегенде аузын бұзып жіберсейші, - деп бір жігіт қызынды.

-        Ойбай, ол ол
ма, Дүйсен софыға, «ұжмақтың қай бөлмесіне кіресің, неше хордың қызын аласың?»
деп бейшараны жаман сықақ қылды, - деді тағы біреу.

-        Сабаз, сонда
бір жігіт болды-ау, аты кім еді? Тілімнің үшінде тұрғанын қарашы... Исламбек!
Исламбек десе, Исламбек еді. Сол жігіт әлгі тік бақай жолдастарына жаман
кейіді, ол болмаса, аналар қазақты адам дейтін емес, - деді төменірек отырған
біреу.

-        Қазынаның
ақшасын шашып, мен. мұнда ойнап келдім бе! - деп ақыратын шашы ұзын кейкі сары
бар еді ғой, - со да тентек жігіт еді, - деді Тоқжан болыс.

-        Құрамысқа,
«қызың қатыныңнан неше жас үлкен?» дейтін ана бір қырма сақал қыбжақ жігіт пе
еді?

-        Жаным, ол
жолғының несін сұрайсың! Орысша оқығанның бәрі сондай болатын болса, олардан
аузы түкті орыс артық, - деді бір үлкен кісі.

-        Серкебайдың
баласы сол жылы қызық қылған ғой: өз еліне есеп ала барғанда, өз әкесінен «атың
кім?» деп сұрапты. Әбіш болыс шыдай алмай: «Нұрмаш-ау, саған не болды, өз
әкеңді танымағаның ба?» - десе, Нұрмаш: «Закон такой» деп айтад, - дейді.

     Үйде отырғандар
ду күлді. Сағындық би Махмұджан мұғалімге:

-        Сен неге күлмейсің,
орысша оқығандарды, төте оқу жолындағыларды жер-көкке сиғызбаушы едің ғой? - деді.

       Оқығандар ел
ішінде мұндай ұнамсыз мінез көрсеткеніне ренжіп, солар үшін ұялып отырған
Махмұджан мұғалім, өзіне сөз кезегі келген соң:

-        Отағасылар! Һәр
адамның мінезі һәр түрлі, көптен жақсы да, жаман да шығады. Бірен-саран тікбақайларға
қарап, оқығандардың бәрі солардай деу хата, жаңа Бекең айтты ғой, сонда бір
жігіт жолдастарының мінезіне жаман кейіп, тоқтау салды деп. Жаңа ол жолдағылар
мен қазіргі оқығандарды салыстыруға болмайды, қазіргі оқығандарда ұлт намысы
бар, бұрынғылардан фікірлері көп ашық. Егер араларынан бірлі-жарымды теріс
мінезділер шыға қалса, естиярлары тоқтау салады. Тіпті болмағандарын мынау
газетке жазып, ендігіден әрі жұрт бетіне қарай алмайтын қылуға болады...

-        Тірі болсақ,
бұл жолғыларды да көрерміз, көп қалған жоқ қой, тек жақсы болсын, қазақ баласын
жаман қылып не қыламыз енді, молда, - деп. Сағындық би орнынан тұрды...

       Жұрттың бәрі
дәрет алуға тыска шықты. Осы үйден бір жола бесін оқып аттаналық, - деп
Сағындық, би орнынан тұрды...

      Жұрттың бәрі
дәрет алуға тысқа шығысты.