ВЕРНУТЬСЯ

      Хажы-еке, ішік
хайырлы болсын!

-        Айтсын.

-        Қаншаға
алдыңыз?

-        Күйіп тұр екен
ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы
тұрмын.

-        Ішігіңіз
қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын
көрсетті.

-        Ой,
шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.

Тоқыш күлімсіреп:

-        Сіз әлі жұрт
арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз
бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап
жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.

-        Е-е-е! Біз
біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге
газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...

-        Сонда да,
хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...

-        Шіркіннің
ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?

-        Жорекең
жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар
десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.

-        Шырағым,
Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны
бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін
таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем
беріп кіріп келді.

      Хажы әфенді
жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды.