ВЕРНУТЬСЯ

    Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп «енді
мен үлкен болдым» деп ойлайды. Сөйткенмен бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш
Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрнына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмай,
қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң-маң басып, ана ауылға қарай жөнеліп еді. Мұны
мал қайырып жүрген Бекбай отағасы көріп қалып, айғай салды:

-        «Әй, бөрік!
Сен неғып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?» - деп.