ВЕРНУТЬСЯ

   Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,

Сол бір қайғың өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?

Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,

Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар,

Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!

Қандай едің, қара кейін қайырылып,

Қандай едің, тұрсың одан айрылып.

Мүгедек боп қос қанатың майрылып,

Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!

Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.

Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл.

He болса да көнем десең, өзің біл,

Босағада жүрген құлша, елім-ай!

Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?

Тіл амасаң, кетпеймісің жоғалып?

Қайтер едің еткен дәурен оралып,

Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?

Сол күніңді көрсем - менің арманым,

Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.

Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның

Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!