ВЕРНУТЬСЯ

        Тіленші байдан
қайыр сұрайды. Бай оған ешнәрсе бермей: «Кет, жоғал», - деп ақырды. Тіленші
кетпеді. Сонда бай ашуланып, алдында жатқан тасты алып Тіленшіге атты. Тіленші
жерден тасты алып, қойнына салып тұрып айтты: «Осы тасты қашан сенің өзіңе
жоғалтпай атуға күн туғанша сақтармын», - деп.

       Тіленшінің
айтканындай-ақ, тасты ататын күн туды. Бай бір жаман іс істеп, малынан
айырылып, өзін абақтыға алып бара жатыр екен. Бұған Тіленші кез болып, қойнындағы
сақтап жүрген тасын алып, атпақшы болды да, ойланып тұра қалып, өзіне-өзі сөйледі: «Әттеген-ай, бұл
тасты бекер сақтап жүрген екенмін, мұнан бай әлі күшті күнінде мен бұдан
қорқушы едім, мұны күндеуші едім, енді қазір мұндай нашар халін көріп көңіліме
аяушылық түсті».