ВЕРНУТЬСЯ

Бейбітшілік туралы

                        Мақсаты еліміздің – Бейбітшілік,                        Күшейтіп жер жүзінде достық, бірлік.                        Жеңілмес партияның туын ұстап,            Қолдандық адамзатқа жасау, тірлік.            Іргесі біздің елдің мықты қамал,            Ғаламды жарық қылған нұрлы самал.            Елімнің техника табысымен,            Халқымның алда тұрған мақсаты бар.            Сондықтан еңбекшінің міндеті үлкен.            Жолымен партияның алып барар,            Еңбектің миллиондай ері шықты,            Қайтпайтын өткір алмас тауды жарар.            Жүргіздік тап күрес

Ел тілегі

Елімнің туысқандық тілегі бар,Жаңа өмір, бірлік-достық жүрегі бар.Сөз беріп бір ауыздан қабылдайтын,Алып күш, адал еңбек жігері бар.Съездің қабылдаған қаулысымен,Табыстан табыс қаулап өнері бар.Күнбе-күн өркендейтін еліміз бар,Ашылған тың өлкеміз, жеріміз бар.Байлықтың іріленген көзін тауып,Суалмас қайнар бұлақ кеніміз бар.Қажымас қызулы екпін арамызда,Үлгілі даңқы шыққан еріміз бар.Үлгілі еріміз бар асқан қайрат,Жарыста озып шыққан еңбек қайнап.Ерлердің миллиондап озаттары,Күнбе-күн көрініп тұр гүлдей жайнап.Жылма-жыл Отан үшін міндет алып,Беріп тұр шын жүректен сенім байлап.

Домбыра өлең

                       Жүйріктей сан бәйгіге салған баптап,Жасымнан күй тартқанмын өлең жаттап,Шалқытып шабытпенен ән шырқаймын,Еңбектің елін мақтап, ерін жақтап,Сөйле сен домбыраның екі ішегі,Құйқылтып күй төгілсін шешен тақ-тақ.Күйшінің, әншінің де арманы осы,Үмітін тыңдаушының шықса ақтап.Домбыра салтанатты көркем өнер,Халықты сүйсіндірер, көңілін бөлер.Шалқытып шаттық күйді тартқан кезде,Құлағы көпшіліктің тәуір көрер.Соңына бұл өнердің түсушілер,Жігерлі ықыласпен еңбектенер.Шыға алса шеберлікпен шынайылық,Жұртшылық тыңдағысы келе берер.

Өнер жолы

Бұл сөзді талай айттым насихаттап,Көңілге әр жағдайды алып жаттап.Айтамын өлеңімді халық үшін,Біреудің нағыламын өзін мақтап.Салдыры көңіл күйін, пікір шіркін,Адамды тұрғызбайды сырғанақтап.Өнерді халық алдында аямастан,Дәуірді дәріптерміз жолын ақтап.Сөйлеткен домбыраны екі шегі,Перненің неше түрлі күйін таппақ.Күмбірлеп домбыраға үн беретін,Салынған қарағайдан тегіс қақпақ.Халықтың көз алдында әсер берер,Қаққанда әр буыннан шалып аттап,Жұрт үшін өнерлінің міндеті бар,Кете алса арт жағына үлгі тастап,Келгенде жас ұлғайып ой толқиды,Бітер деп келешекте алған мақсат,Жасымда жаңалықты оқи алм

Жарамсыз әдет

Жоқ болса қолда бермейді,Бар болса оны күндейді.Бірге жүрген жолдасыңЕртең сені көрмейді.Бір уақыт бақ қонса,Жүздікке жаны тақ толса,Сенімен бірге жүрмейді.Талайын көрдік мұндайдыңОрнықты дәуір сүрмейді.Кімнің жақсы, жаманынАйырып тағы білмейді.Өзіне салсаң білгенсіп,Тәуір болып жүргенсіп,Көп алдында үндейді.Қатар жүрген құрбыныңОсымен көңілі кірлейді.Біреулерді шет көріп,Жүрген тасып өрлейді.Жақынсып тартып өзіне,Күлімсіп қарап көзіне,Ымын-жымын бірлейді.Байланыс жасап ішіп-жеп,Азғана күн дүрлейді.Ондайлардың әдетінТексеріп, біліп жоймасаң,Шындыққа ісі кірмейді.Жағымпаздық жағдайдаБіреулер

Страницы