ВЕРНУТЬСЯ

Жоқ болса қолда бермейді,Бар болса оны күндейді.Бірге жүрген жолдасыңЕртең сені көрмейді.Бір уақыт бақ қонса,Жүздікке жаны тақ толса,Сенімен бірге жүрмейді.Талайын көрдік мұндайдыңОрнықты дәуір сүрмейді.Кімнің жақсы, жаманынАйырып тағы білмейді.Өзіне салсаң білгенсіп,Тәуір болып жүргенсіп,Көп алдында үндейді.Қатар жүрген құрбыныңОсымен көңілі кірлейді.Біреулерді шет көріп,Жүрген тасып өрлейді.Жақынсып тартып өзіне,Күлімсіп қарап көзіне,Ымын-жымын бірлейді.Байланыс жасап ішіп-жеп,Азғана күн дүрлейді.Ондайлардың әдетінТексеріп, біліп жоймасаң,Шындыққа ісі кірмейді.Жағымпаздық жағдайдаБіреулер ауыз жаласып,Сыр-сипатын анықтап,Көңіл кілтін тағы ашып,Қамқорлыққа алынып,Күй жағдайын санасты.Байланыстың күшімен,Жұмысы болды бірыңғайБір-біріне қарасты.Біреулер өзін зорсыныпБақыт қуып, таласып,Азаматтық жолынанОсындайлар адасты.Аяғыңды аңдап бас,Айналып кетпей сұмдыққа.Жүректі соғып ел үшінТүсу керек шындыққа.Сабыр тұтып адал жүр,Абыржып албырт ынтықпа.Байқаусыз жеңіл оймененАрамға басты құр сұқпа.