ВЕРНУТЬСЯ

Өлмесеңдер бәрің де қартаясың,Тұра аллмай жастығында жантаясың.Аяғың қақтығысып шалыс түсіп,Еңкейсең, біресе шалқаясың.Тосыннан жетіп келген кәрілік жаман,Оқиға басқа түскен тарлық жаман.Адамды арықтатып, аздыратынҚайғылы ішке түскен зарлық жаман.Адамға ойын менен күлкі керек,Уақытша дүниенің мүлкі керек.Билейтін ашып-жауып алақандыӨмірдің тиянақты кілті керек.Қызықты бұл дәуірдің салты керек,Жігіттің қадыр тұтар халқы керек.Өтесң де тұсында мықты болып,Кісінің абыройлы арты керек.Көрмесін жас ұрпақтар жамандықты,Жүрмеңіз жолдас қылып надандықты.Жастардың жақсыларын көріп жүрміз,Меңгеріп істеп жатыр мамандықты.Тұрмысын көріп жүрміз жас жігіттің,Көрмеген қиындығын тапшылықтың.Не керек ішіп-жеуге бәрі дайын,Жолында түсіп алдық масшылықтың.Көргенсіз көріп жүрміз келін-қызды,Өзінің инабатты жолын бұзды.Сыйламай кейбіреулер ата-анасын,Тумалас өсіп-өнген елін бұзды.Құр бекер ақыл айтпа білемін деп,Еркімше күліп-ойнап жүремін деп,Бет аузын күндіз-түні бояйды кеп,Өзгеріп, сұлу болсын реңі деп.Белгісіз жүргендері қайда кезіп,Өтеді көрінгенді басып езіп,Кей кезде басын көрген бытырайдыҚорқатын адамдарды қалса сезіп.Тастаңыз, жас ұландар, бұл қылықты,Айнымас азамат бол тыңғылықты.Аш болып, азып жүрген сендер емес,Үйің бар тумаласпен тұрғылықты.Жігітке қиянатты қорлық жаман,Қорлаған біреулерді зорлық жаман.Осындай кеңшілікті көтермесе,Туады бастарына ақырзаман.Балалар, шамаң келсе тәртіп ойла.Тәртіпті пайдаланып артық ойла.Кәзіргі ел басқарған азаматтарЖуытпас жаман мінез бас пен бәйге.Ас, балалар, оқу менен білім алып,Үлкеннің өсиетті тілін алып,Советтің еңбек сүйер ұлдары бол,Рухынан лениизмнің біліп алып.Ал жастар түсінсеңіз өсиетім,Кетпесін жайнап өскен қасиетің.Гүлдендің коммунизм дәуіріндеАдам бол жұртшылығың бас иетін.Бүгін де шығып отыр кіл жастардан,Аз емес әр жерлерде ел басқарған.Көрсетіп басшылығын Отан үшінШығып жүр талай ерлер жолдастардан.