ВЕРНУТЬСЯ

Біреулер істеп жүрген ісін ойлар,Біреулер абыройлы кісіні ойлар.Біреулер әр нәрсеге шүкір етіп,Өзінен ұлы менен кішіні ойлар.Біреулер жақсы болу талабында,Жетсем деп дұрыс жолға түсіп ойлар.Болғанда біреу кәрі, біреуі жас,Солар да өз қатарлы түсін ойлар,Біреудің көңілі талпып жоғарығаБақыттың ұшып жүрген құсын ойлар,Біреулер бірге жүрген теңін ойлар,Біреулер жағдайдың кеңін ойлар,Біреудің ешнәрседен хабары жоқ,Өзінің күнделікті жемін ойлар.Біреулер ешкіммен байланыссыз,Қалайда күнелтудің ебін ойлар,Біреулер неғылса да бәріне ырза,Өзінің саулығы мен денін ойлар.Біреулер денсаулықтан айырылған күн,Себептеп жазылудың емін ойлар.Біреулер дәрежелі хандық ойлар,Біреулер талтаңдаған паңдық ойлар,Біреулер жауыздыққа түсіп алып,Ақ ниет, момын, аңқау жанды жаулар.Біреулер көрінгенге зорлық етіп,Шамасы иығынан асып бойлар.Біреулер бағып жүрген малын ойлар,Кемпірлер қартайғанда шалын ойлар.Кемпір-шал бірін-бірі сүйеу көріп,Өзінің мүсәпірлік халын ойлар.Кеткесін күш-қайраты қолдарынан,Өтті деп дәуірінің зарын ойлар,Бөлшектеп дүниесін жиып теріп,Уақытша өлмесінің қамын ойлар.Жеткіз деп енді өлсем әбүйірді,Күнделік киім, тамақ, нанын ойлар.Кім бар деп тірі жүрген әзір күні,Елдегі кемпір-шалдың санын ойлар.Ауырып бел-аяғы бүгежектеп,Шықпаған балдан шырын жанын ойлар.Жақын деп енді өлім алдымызда,Көметін ағайынның маңын ойлар.Біреулер өз көңілімен жастық ойлар,Жастықтың арқасында мастық ойлар.Оларға білмедің деп ақыл айтсаң,Пайдасын зияны деп қастық ойлар.Өзіне жаман, жақсы қарамастан,Бүлдіріп дүниені кешіп тойлар.Болса да қисық көңіліне жөн,Әдетін үйреншікті тіпті қоймай.Біреудің жүрген жері күнде базар,Қызықтап құрбыларын күліп-ойнар.Жақсыға күлу үшін әзіл айтсаңӘзілдің жарастығын бұлар ойлар.Біреулер ғылым, білім, өнер қуар,Ғылымнан барлығы да келіп туар.Өнердің әрбір түрлі тарауы бар,Бөлініп дариядан аққан суат.Өнерді қартайғансын үйренбейсің,Жеделдеп шұғылдану жастық уақ.Жастықтың уақытында бәрі мүмкін,Санасыз, шын қиялсыз түк болмайды.Қонбаса маңдайыңа бармақтай бақ,Адамның көп сөйлейтін білгіші көп,Насихат сайрағанмен қызыл тіл, жақ.Біреудің миы толық, тілі шебер,Кідірмей айта салар қолма-қол-ақ.Біреулер жас күнінен ғылым біліп,Береді жолбасшылық алдыңды орап,Біреулер қолөнер боп бар кәсібі,Өмірлік бола алады сол несібі...Қолына етік ұстап, шеге қағып,Бұлар да бағаланады осы күнде.Ұсталық, етікшілік тәуір өнер,Олардың пайдасы жоқ несі кімге.Халықтың бар керегін бітірп тұр,Жыртылған жамап-жасқап тесігін де.Ұшқан құс, жүгірген ит бәрі еңбек,Айтылған мысалдардың шешуінде.Біреулер жас көңілмен әйел таңдар,Білсем деп мінез-құлқын көріп аңдар,Өзіне лайық деп алғаннан соң,Жанашыр жақының боп тілін алмас.Отасып екі-үш-ақ ай мінез тауып,Кетудің басқа жаққа жолын қамдар.Бір кетіп көңіліне жел енген соң,Баруға енді қайтып тіпті нанбас.Талайы сол жағдайға ұшырасып,Бірігіп айтыс-тартыс оты жанбас.Әрине, жақсы болса екеуі де,Айтылған уағдадан ешбір танбас.Біреулер бірін-бірі сүйдім дейді,Сүйісіп ырзалықпен тидім дейді.Өзің біл нағылсаң да ғашық жарым,Сен үшін шыбын жанды қидым дейді.Көңілімді алып-ұшқан әр жерлерге,Тоқтатып мұнан былай тыйдым дейді.Жүремін өмірлікке дәурен сүріп,Шашылған ақылымды жидым дейді.Қосылып екі жақсы жүрек бірге,Дүние тар д болса сыйдым дейді.Халықта мұндай жақсы бола бермес,Кейбіреу тапқанымен күйбеңдейді.Бір әйел сырттан сынап күйін қарарЖігіттің көрпе-төсек үйін қарар.Кісінің аты-жөнін тергеместен,Жанқалта табысы мен тиынын қарар.Болса да жігіт төмен табысы көп,Шәй көйлек, жібек мақпал киім қарар.Киген соң соның бәрін есі шығып,Абырой өз басының сыйын қарар.Сол сөзге содан кейін ілінген соң,Қу күлкі сол жігіттің үйін қамар.Күйеуі істен келсе үйі базар,Аздырып құлағынан құйын қамар.Ерінің жуастығын пайдаланып,Кісінің дерегіне өзі жарар.Жолына әдепсіздік түсіп алып,Бітірген бар жұмысы шашын тарар.Күн бойы соның бәрін ермек етіп,Айналып жан-жағына айна қарар.Келіссіз кербездіктің арқасында,Қыздардың қатарына өзін балар.Халықтың не дегенін қайдан білсін,Киім мен жылтыраған жүзін санар.Әркімнің осылайша ойын айттым,Істейтін лайығын қойып айттым.Адамның бірі – ұзын, бірі –қысқа.Қиындап сөзбен өлшеп бойын айттым.Болғансын біреу – жақсы, біреу – жаман,Айырып шекарасын бөліп айттым.Адамның бірі – жуық, бірі – шалғай,Екеуін біріктіріп теліп айттым...