ВЕРНУТЬСЯ

Ортасында көп болдым,Астана байтақ халқының.Мерекесін атқардық,Көп жиналған жалпының.Аға мен іні, жеңгенің,Алдында талай шалқыдым.Көрмеген жерді көрсем деп,Қанатты жайып талпындым.Жұрт алдында әшкере еттім,Ескі жыр мен жаңа жыр,Ақындардың алтынын,Ұйымдасып біріккен,Талайын көрдім шаршының.Орынды жерде оытрып,Дуадақтай қалқыдым.Атағына халқы ырза,Біздің шалдың даңқының.Жақсы менен жаманныңБелгілі көпке парқының.Ауыздан қисық сөз шықса,Алып таста артығын.Атамыздың жолы деп,Жұрт алдында жайнаттым.Өнердің түрлі жарқылын.Біреулерді қарасаң,Бекер босқа мақтанып,Кептіре берді алқымын.Кейбіреулерге айт десең,Өнерін көпке бұлдайды,Ұнатпас халық мұндайды,Қай бағытта жүргенін,Сыртыңнан халық тыңдайды,Білгіштер көп пікірлі,Бет алдында сынайды.Жорға менен жүйріктің,Тері кеппей тынбайды.Көп ұнаған шет болмас,Білетін болсаң ыңғайды.Халық ырзалық көрсетсе,Ақынның сағы сынбайды.Атаға жастан ергеннен,Өнердің жолын бергеннен,Тыңдауға құмар кей халық,Қуанады келгенне,Өкпелейді құрбылар,Өтіп кетсең дөндерден.Мерекені құттықтап,Талайдың көңілі желденген.Шаршамаймыз шалығып,Көп алғысы дем берген.Алғыс алған азбайтын,Деп айтады кез келген.Қарғыс алған жігіттің,Болады жолы сергелдең.Азамат болар жігіттің,Етек-жеңі кең келген.Тайпалас жүрген жорғаның,Төрт аяғы тең келгенБүгінгі күні адам айдап,Шайыры едім мен келген.Қашаннан да халықтың,Алып жүрген үлесін,Аяйын ба сендерден.Жасымннан да қыдырып,Өнерім еді ел кезген.Аралап дәмін мен таттым,Қазақстан, Алматы,Түркіменстан жерлерден.Жасымыздан жырладық,Атаның жолын қолданып.Қандай жерге келсем де,Көргенім жоқ бұлданып.Басымызды базарға,Талай салды бұл халық.Кімдерден өнер кеткен жоқ,Арт жағында тұлғалап.Бұл жалғанда тұл қалып,Өткізейін ырғалып.Әуелден де келе жатқан,Біздікі осы бір бағыт.Кісіге қарай аузымыз,Кете қалмас ұрланып.Мерекені талай атқардық,Сегіз сырлы, қырланып,Тірліктің дәуірін,Өткізейін базарлап.Халықтың сағы сынбасын,Келе қалса назарлап.Көп назарын сындырсаң,Сақтары сынып, сазармақ.Ел сүйегі қызады,Айтып берсең жаралап.Түсінбейтін адамға.Сөз айтқаның не керек.Бетіне қарай бажаңдап,Бөлек-бөлек бөлме бар,Ішінен қарап өңдеп ал,Нар асылын абайлап.Қиысығын түзеп жөндеп ал,Ескілерден қалған бір,Айтылмай жатқан көмбе бар.Қалағаның сөз болса,Сөз асылы менде бар.Тәртіп сақтап тыңдасаң,Жақсы айтатын жер де бар.Қалай да болса көпішілік,Ендігі міндет сенде бар.