ВЕРНУТЬСЯ

Қалып едім анадан,Алты жасқа толғанда.Бес балапан ұядаҚара қанат болғанда.Жапырақ қалды төгіліп,Бұтағы қурап соғанда.Балалардың сол күндеҚиындық түсті басына,Көрмесін деп жетімдікӘкеміз ертті қасына.16-ға толған соң,Дайындап салды үйретіп,Халықтың той мен асына.Қайда жүрсем мереке,Орын берді төріненҚарамай кәрі-жасыма.Киізбен сыртын қаптаған,Домбыраны иығымаЖүре бердім асына.Дамыта бердім ілгеріХалықтың көркем өнерін.Араладым әр жерденЕлдердің талай шеберін.Бұл өнердің жолынаЖасымнан болды жеделім.Үйреткен ертіп атағаАлғыстан басқа не дерім.Арқасында атаныңАса берді халыққаАбыройлы беделім.Жиын мен тойды атқардым,Бәйгі атындай баптандым,Көрінгенді қызықтап,Шаршы төрде шаттандым.«Тусаң-ту» деген атадан, –Батасын алдым қарттардыңТалайын ертіп үйреттім,Өнерпаз кілең жастардың.Қолданғаным осы еді,Өмір үшін қолдағыСоңыма думан ергеліБасқамен ісім болмады.Жастықтың дәуір кезіндеЕріксіз айдап жолдады.Еңбек еттім өнердіңШығу үшін шыңына.Аралап елдің таныстымМиллион менен мыңына.Түсіп жүрміз жағартып,Өнердің әрбір тыңына.Түсіріп жұрміз жыр-күйдіҚашаннан халық сынына.Қабылдайды қарсы алып,Сүйсініп күйдің ымына.Қадірлеген халықтыңЖүйрігі едік келе атқанСөздің келсек шынына,Тарих үшін қалдырдым,Бола ма деп ескерткішСоветтік қыз бен ұлына.