ВЕРНУТЬСЯ

Әлеумет, келсің алқалап,Алсаңыз бізден сөз қалап.Біз айталық өлеңді,Өлең деген өнерді.Әлеумет, құрсап келгенсің,Көкірекке жол енді.Сөз құрсауын шешейін,Тыңдаймын десең кел енді.Құлағың түр де қоя бер,Сөз тыңдаймын дегенді.Көрсетейін көзіңе,Өрден аққан өзенді.Өзен дария секілді,Сөзімнің түбі терең-ді.Мәжіліске келгенсін,Бізге сөйле дегенсін,Тартпайын бойым тез енді.Жақсылар сағың сынбасын,Жасы үлкендер тыңдасын.Қанша толғау айтсам да,Сөзін сатқан халыққа.Жыршы емеспін кезеңді,Біразырақ сөйлейін,Көңіліңді делбейін,Үлкен аға кіші бар,Қатар құрбы төменгі.Жалдан асса жүрмейді,Бес күн дәурен сүрмейді,Жолға мінбе көп енді.Белгілі болма жаманға,Табылмайтын тар жерде.Қылады бір күн кереңді.Жаныңды қой деп жалынсаң,Тесемін дейді төбеңді.Артық та болса кем көрер.Дәулетсіз болса денеңді,Атасы ағаш екен деп,Әлсіз көрме еменді.Асылық артық адамды,Атадан туған аз ғой деп,Өлім көріп ұмтылма,Қайырлатар бір күн кемеңді.Ер мұрасы деп жүрміз,Қара сауыт, ақ найза,Кескір қылыш беренді.Би дәулеті деп жүрміз,Халықтан көбе жегенді.Бай кемелге келгені,Бай болғанын білгені.Дәулетіне лайық,Қызмет етсе көлемді,Шеберге бақыт деп жүрміз.Өнер етсе реңді,Шешенге бақыт деп жүрміз.Алқалаған шаршыжа,Әлеуметті иіріп,Мәжіліс құрған күреңді.Балуанға бақыт деп жүрміз,Алқада жықса біреуді,Жыға алмаса біреуді,Кетеді қайьіп тірі енді.Әбүйір деген аз нәрсе,Болады бетің кіреулі.Жығылмайтын жан болмас,Әзірет Әлі болмаса,Қайратты көкке тіреулі.Қанша қақасап айтсам да,Шарудан басқа нәрсе жоқ,Өнердің бәрі бір өңді.