ВЕРНУТЬСЯ

Мақтаны барлық колхоз егіп жатыр,Жұмылып тұқымдарын сеуіп жатыр.Машина, тракторын дүрілдетіп,Қалдырмай ат-арбасын жегіп жатыр.Ар жағы Сырдария байланысты,Аудан мен облысым су көмегін,Колхозға қамтамасыз беріп жатыр.Мақтарал қартаймайтын жер асылы,Көлемі гектарының кеңіп жатыр.Солардан шығып жатыр Еңбек ЕріӨндіріс көлемінің барлық жері.Мамандар ойдағыдай алға басты,Еңбегі өкіметке сіңгендері.Жасасын партияның басшылығы,Келе жатыр өркендеп барлық елі.