ВЕРНУТЬСЯ

Көңілім шаттықпенен шалықтаған,Жыр-күйді тыңдағандар жалықпаған.Күнім жаз ешнәрсеге қынжылмаймын,Туған күн кәсібімді анықтаған.Жасымнан өнер жолын кәсіп етіп,Қаумалы әлі керек халық маған.Ағамыз Ұзақбай мен Сүгір еді,Шаба алмай болып отыр жарық табан.Бұларға сексен жақын селкілдеген,Сол үшін ет азайып арықтаған.Кешегі отыз-қырық мезгіліндеАспанға қанат жайып қалықтаған.Адайда алшақ басқан жүйрік еді,Халықтың мерекесін шарықтаған.Өмірдің өтіп кеткен кезегіндеТер буып шабыстарда қарлықпаған.Бүгінде үлкен болып көңіл сенді,Шамадан өтіп кетіп албырттаған.Ел үшін салып жүрмін көңіл күйінСірә жоқ ден сау болса жарлық маған,Өлмесең барлығың да қартаясыңКәрілік кездесетін, саған, маған.Болмайды бір күнгідей көрген қызықБіреу жоқ дүниені тамамдаған.