ВЕРНУТЬСЯ

            Өнері тасып, өрлеген            Мұрат жырау, шайырым.            Астана елді таңдантып,Көрсеттің өнер зайырын.Жасыңнан-ақ келесіңКөпке тиіп қайырың.Адайда жоқ парласың,Айтпасам бай ұлын.Жүйрігімсің жүлделіЖимаған тартып айылын.Құрманғазы болмаса,Осында күнде теңеймізҚазақтың саған қай ұлын?Абыройлы адамсыңӨнердің мінген қайығын,Ақ көңілсің кіршіксіз –Бойыңдағы айыбың.Іші қуыс ағаштанТоқсан түрлі күй тартып,Ағыздың Еділ, Жайығын.Мақтады деп ойламан,Келтірсем сөздің лайығын.Өзіңнің әкең ӨскенбайСаңлағы еді шаршының,Бұлбұлы еді сайрағанКөшпелі Адай халқының.Алдында талай толғаған,Жарты менен жалқының.Қазақтың бізге қалдырған,Ескі мұра-алтынын.Домбырасын сөйлетіп,Тәңірберген ЖолдыменІшіне түскен талқының.Құлбай кездесіпҮдеткен өнер қарқынын.Мұрасы еткен МұраттыКейінгі біздей артының.Кәзірде ойлап қарасам,Жетпеген жері кем екен,Өсекеңнің даңқының.Заманында болыптыСүйікті ұлы жалпының.Алаштан асқан әнші екен,Көрсеткен өнер жарқылынНағашысы Құлбарақ,Тигізген аруақ салқынын.Естігенде күйлерінҚорғасындай балқыдым.Дарияға жүзгендейСергіп бойым, шалқыдым.Ұстап қалған өнерін,Кемдігі жоқ артының.Мұрат пен Хамит екеуінӨнерін алып келугеҚаршыға құстай талпыдың,Талай топты атқарып,Алқалы жерде аңқыдың.Бәрін де көрдің аралап,Қазақтың сана-салтының.Халықтың көне мұрасынЖаңалап қайта аршыдың.Он екі жастан бері қарайАлқалы жиын көргенің.Қатарынан кем түспейҚұлашты кеңге сермедің,Он бесіңе толған соң,Бас бәйгені бермедің.Айнытпадың оздырып,Өсекеңнің өрнегін.Қадірлі болып халқыңаЖақсы орынға төрледің.Кешегі өткен заманда,Жарлы менен жалқыныКемсініп бөтен көрмедің.Бабына түстің бәйгенің,Бағаланып еңбегің.Кәрліменен тартысып,Белгілі бізге жеңгенің.Топқа түсіп жиналғанХалқың үшін терледің.Тілін тауып сөйлеттіңОн жеті бірдей перненіңКүй шығарып ойыңнанҚазынаға бергенің.Өнеріңнің арқасыДинадайын шебердіАлматыдан көргенің.Шеберлігің шыңдалып,Күйден теру тергенің.Өнерің озып өзгеденКүннен күнге өрледіңҰзақ болсын өмірің,Дарынды жүйрік, зерделім.