ВЕРНУТЬСЯ

Астанаға барғаннанМіндетімді ақтадым.Тарихта қалдырдымКүйі мен халық тақпағын.Маңқыстауға келген соң,Байлығын айтып мақтадым.Толып жатыр әр жердеАлқаға түсіп шапқаным.Әрі күйші, әрі ақынӨнерлі жолға түсті деп,Естідім айтып жатқанын.Дастарқаны жайылып,Беріп жүр әркім тапқанын.Мерекелі жер болса,Желпіндірер көңілдіТүсіріп жастық шақтағын.Жақсылардан шапағат,Жамандардан кесепат,Бәлелерден сақтағын.Күй тартып жырды жырлаттым,Магнитофон табақпен.Құрметін іштім сыйланып,Әрбір түрлі тармақпен.Ақырғы зиян келгенше,Қолданыпты пайғамбар,Сол уақытта шараппен.Тастаған екен қысқартып,Әрекет бұзық қараппен,Шараптың жақсы, жаманыКелген екен ғалымғаПарсы, түркі, арабпен.Молдалар содан сақтанған,Кітабын ашып ақтарған.Кім де болса тыңдапты,Шариғат жолын ақпардан.Тәртібін әркім сақтасын,Басындағы дәуірін,Кім де болса мақтасын.Үкімет, халық, сыйлайды,Еңбегің зор жаққасын.Осы заман гүлдендіҚамқорлық етіп партияЕңбекші елін баққасын.Көред деп жастар отырмызКоммунизм қақпасын.Әртүрлі сөзді келтірдімАқын деп атақ таққасын.Болынған екі дәуірдіңАйырып айттым арасын.Пленкасын толтырдым,Деп елге кеңінен тарасын.Кемшілік болса өнерденБілгіштер айтар арасын.Маңғысатаудың қартымын,Бұрынғының артымын,Кейінгі жастар баласың.Біздің қазақ шұғылшылЖамандық айтса нанасың.Біреулер жүред суылдап,Кім де болса өсектеп.Әр жерлерге тастайдыӨтірігін көсектеп.Орынсыз сөздің барлығыӨзінен-өзі өшед деп.Өұлымдықтың өмірін,Ойламас ел өсед деп.Оның сөзі құрысынБет алдына бөсед деп.Қоянның ізі бірігіп,Қой шәріне қосылса,Шығара алмас есептеп.Мысалға алып толғадымАқылды, дана, милы адамОсыны талдап, шешед депЖас үлкейіа келген соң,Бұрынғы шалғай жүрістіңАузын жаптым печаттап,Ендігі жерде қиналып,Бұрынғыдай жыр айтпан,Білмеске қадір сыр айтпан.Көргенсізге болмайды,Мағынасыз құр, айтқан.Жадыраған жақсыларКөңілдің күшін тыңайтқан.Орын таппай бармаймын,Шақырған жерден қалмаймын.Қашаннан ата мирасыБіреуден сұрап алмаймын.Сыйлаған жақсы жер болса,Сол күні өсем дардаймын.Шабытыма түскендеӘлі де шапсам танбаймын.Сондықтан елдің арасын,Қыдырып жүрін аңдаймын.Ықыласымен жарқылдап,Күліп берген шай суын.Жазығы керек маңдайдың.Әзірше сөйлеп қалайын,Тозығы жетіп тоқталар,Сайраған тіл мен таңдайдыңАйтып жүр талай азамат,Жырлағанмен көбі қыдырып,Өнерден алған еңбек жоқӨзім болдым деп айтса,Түсіндіріп жеңбек жоқ.Ел жыршысы болғанменТарихқа енген жоқ.Артында өнер қалмаса,Дүнияға бұлар келген жоқ.Мысал етіп қарасаң,Осалмын дейтін пендең жоқ,Өзінің жолын қуаттап,Пайдасын айтса сенген жоқ.Сөйтіп жүрген нашарларАтақтыларға ерген жоқ.Аяқ асты тап болып,Туыста өнер берген жоқ.Атақтылар кеткен соң,Қалғандары жырлап жүр.Біреудің сөзін біреугеАуыстырып, ұрлап жүр.Қисынын тапса біреулер,Аударып өңін сырлап жүр.Күндеушілік арадаБіреуді-біреуді қырлап жүр.Қыран құстай шарықтап,Өзінше ұшып, пырлап жүр.Мереке болса менікіДеп машинамен зырлап жүр.Мысал етіп қарасаң,Жақыны болса қолпаштап,Қарақшы туын былғап жүр.Ұзақбай, Сүгір қартайдыЕндігілер ермек қой.Әркімнің өлшеу нәсібінАзды-көпті бермек қой.Шын жүйрік болсаң атыңдыБәйгілі жерде ерлеп қой.Әйгілі болсаң ажарлап,Өнеріңді зерлеп қой.Талантты жолға түссеңіз,Қаумасын халық бермек қой.Сайраған тіл мен жақ қалар,Арт жағында ат қалар,Уақыт өмір жеңбек қой.Деп айтқан елдің сөзі бар.Мағыналы шындықтыңБайқап тұрсаң өзі бар.Ақындар өткен бұрынғыҚайнарлы бұлақ көзі бар.Бйақап тұрсаң өнердіңАлтын, күміс, жезі бар.Мақпал, жібек, тауардыңШыты менен бөзі бар.Ұзынды-қысқа өлшейтінӘркімнің қолда кезі бар.Қисықтардың түзеткенКөпшіліктің тезі бар.Шамаң келсе, жақсылар.Айтылған осы сөзімнің,Парасатын сезіп ал.