ВЕРНУТЬСЯ

Қайран жастық, қайтейік,Желпіндіріп желдірген.Алғысы бар немедейКөрінгенге телмірген.Күлместерді күлдіріп,Берместерді бергізген.Ел арасын еліктеп,Өз қатарын ергізген.Қызғанышты шал-кемпір,Есігін жіппен кергізген.Алмай қоймас аңдығанЖер болса, тесік жел кірген.Ұят та жоқ, ес те жоқҚорықпас өзін ер білген.Тұғырда болса торықпайӨзін жүйрік кер білген.Міндет артып біреуге,Өзін бойдақ сері білген.Лайық бұған қызда бар,Өзінше мұны қызғанар.Тұрақсыз болса бұлардыңТабаны тайып, сырғанар.Ой толқыны құбылжып,Жас баладай ырғалар.Мінезі құрсын жастықтыңКөрінгенді жұлмалар.Қайран жастық, қайтейікҰйқылы-ояу жатқанда,Мойнын созып әркімніңЖатқан жерін тырмалар.Сөйтіп жүріп шабытпенҚылықтылардан кім қалар.Бұрынғы жастық салты солТүн ұйқысын төрт бөлген.Жігіттік мезгіл арты солЕлуден жасы асқандарБәріңізге белгіліНе де болса өтті ол.Бұлаңдаған түлкідейШалдырмай кетіп барасыңҚайран жастық, аман бол!