ВЕРНУТЬСЯ

Не болды десең жасында,Өнерді сүйдім басында.Балалық шақтан бері қарай,Әкемнің жүрдім қасында.Он алтыға шыққанда,Белгілі болдым халыққаӨтеғұл мырза асында.Мерекені сол күн атқардым,Шабытқа мініп шаттандым.Желпінген жастық емес пе,Дегенге айтқыш мақтандым.Аямастан жыр-күйді,Таң атқанша ақтардым.Алқасында отырдым,Үлкен-кіші жастардың.Сол жиында өнермен,Өзімді көпке таныттым.Көрінісі болды сол,Айрықша шабыттың.Сонан бері өнердіңАғынын талай ағыттым.Жолынан толқып аумадым.Мирас болған бағыттың,Көңілін аштым шаттыққа,Жылаған мұңды жабықтың.Жас ортаға келгенде,Гүлдеріңе бөлендім,Жас баладай мамықтыңЖұртшылықты аралап,Алып жүрміз алғысын,Көп жаса деген халықтың.