ВЕРНУТЬСЯ

            Айтайын жауап азырақ,            Есенғали шайыр ініме,Көңіл пікір жол берді,Сайраған қызыл тіліме.Қайтарайын жауаптыЖұлынып шыққан жүйріктіңСіз сияқты біріне.Мадақтамай жақсыныНе көреміз тіріде.Бақытты туған ақынсың,Гүлдеген жаңа дәуірдіңЛайықты түріне.Қисынын тауып қиыннанҚұлашыңды сермедің,Қол жетпейтін іріге.Қыран құстай шарықтап,Өнерің өрлеп келедіАбайласам күніге.Қайнаған қара бұлақтайАғылтып сөз келді,Ойлаған пікір үйіне.Шығып жүрген сөзіңдіОлқы деп ешкім айта алмасСынатсаң да кіміңе.Бірнеше сөздің сұлуыШығып жүр ақын миыңнан.Жырларыңыз газеткеАрхив болып үйілген.Арасын шешіп отырдыңСаяси сезім түйінмен.Халық ақыны СәттіғұлСөзіне жақсы сүйінген.Әдеби журнал бойыншаТаныстың ән-жыр күйіңмен.Тура келдің бізге деОсы сөзді айтуғаСыраға бал сыйыңмен.Тілдің еркі ойыңдаАйрықша сейінмен.Жыр түйінін табасыңКіріп-шығып үйіңнен.Қайдан шыққан жүйрік деп,Бақыт қонған жігітсің.Күндеуші де бар шығар,Өз-өзінен күйінген,Қабақтарын түйілген.Мысалы қыран бүркітсің,Қияға көзін шүйілген.Адал жүрек ақ көңіл,Жігіт едің ақ ниет,Адамға қарай иілген.Лайықтап бір сөзді,Арнау үшін жүр едім,Шын ықылас пейілмен.Есенғали, шырағым,Шағадам жаңғақ жер едіОрныққан мекен тұрағың.Әдеби үгіт-насихатЖиып жүрген құралың,Беріп жатқан да мұрадың.Бұрынғы дәуір сол едіРу айтып шақырса,Адай еді ұраның.Бер жағына келгендеҚасиетті шал едіТобыш пенен Мұңалың.Не де болса тұсында,Болып өтті бұларың.Неғылайын өткендіБолмаса бөтен сұрағың.Бүгіндерде байқасам,Жайнаған жаңа замандаГүлденген көкетп құрағың.Орнағалы үкіметЖағдайына дәуірдіңКеле атқан қанып құлағың.Тілектес болып отырғанАғайын тума халқың бар.Қол шығарып бір жеңнен,Сөз шығарып бір жерден,Ауызбірлік салтың бар.Еңбегі сіңген екпінді,Жұмыстарда жалпың бар.Сыйлайтұғын бәріндеСатқанбай мен АқтанбайАбыройлы қартың бар.Келе жатқан жетісінЕндігі жерде жартың бар.Қатарына салғанда,Азаматтық парқың бар.Баста дәуір тұрғанда,Шылбырды сүйреп тартыңдар.Сендер еді шетіңненШын азбайтын алтындар.Істеріне қарасам,Қаулаған өсіп қарқын бар.Сүгір, Далақ, Қалдыбек,Бердібек пен Сәндібек,Ұрпақ болып келе атқанӘлі де болса сарқын бар.Есенғали, шырағым,Осының бәрін білетін,Келістіріп ретін,Шешетін шама-шарқың бар.Ні менен ағаныңЖорғасы да сен едің,Алқалаған шаршының,Ордасы да сен едің.Салмақтасып келгендеҚай жағынан кем едің.Сен өнердің өзеніОртаймайтын кемерің.Шығарып айтқан жырыңды,Ақындардың атақтыҚатарына теңедңм.Алматыны аралап,Жазушылар алдындаБір барып көрсең деп едім.Солардан алсаң абыройСол еді мақсат керегің.Құттықтаймыз жүрекпенДәм көтеріп сол жақтанБола қалса дегенім.Өткірлігі тіліңніңҰшындай алмас жебенің.Шапқан аттай екпіндіӨткіздік жастық кезегін.Енді ақыл тоқтатып,Басымыздан атқардыңАлбырттықтың кезеңін.Бағыт алған талабың,Социализм жолында.Бұл дәуірдің талабы,Бір жағы сенің қолыңда.Ие боп тұрған сен едің,Абырой, бақыт орынға.Жасыңнан оқып түсіндіңӘрбір түрлі форымға.Қызыл тілің сау болса,Айтатын жерден қорынба.Көре берсең көсемсің,Сөйлей берсең шешенсің,Күтеміз мұнан зорын да.Тіл байлығы Сізде барАл десе дайын тұрғандайАтатын жерге оғың да,Сен бір айқын жүйріксіңӨзіңнен артық бүгіндеКім бар еді тобыңда.Өткірлігі жырыңныңМергендердің оғындай.Күштілігі сөзіңніңЗеңбіріктің добындай.Жүйріктігі сөзіңніңЭлектрдің тоғындай.Жұмырлығы сөзіңнің«Победаның» жонындай.Семіздігі сөзіңніңТаңдап сойған соғымдай.Қызуы күшті сөзіңніңТас көмірдің шоғындай.Тәттілігі сөзіңніңБұрама бел талмадай.Салмағы ауыр сөзіңніңТемір соққан балғадай.Қарқыны күшті сөзіңніңӨзеннен аққан арнадай.Үйірімі бар сөзіңніңКүріштей тартқан жармадай.Тереңдігі сөзіңніңТүскендер азар шығады,Екі қолын қармалай.Бір кісілік сөз емесОсылай жазып оырмын,Бәріңізге арнап-ай.Сөз жүйесін ұғып қалПарасатын аңдап-ай.Сыраға – бал, сыйға – сый.Бір-біріне сөз айттыХалықтың екі саңлағы-ай.