ВЕРНУТЬСЯ

Мақтарал «Коммунизм» колхозында,Мақтаның жинау науқан ісін көрдім.Бірігіп болат құрыш тас жарғандай,Бұлардың ұйымдасқан күшін көрдім.Үйілген ақ алтыннан барлық жері,Мен барып сарайының ішін көрдім.Кідіртпей тиеп алып кетіп жатқан,Үздіксіз жүріп тұрған машина көрдім.Осындай облысы ОңтүстіктіңБайқасам байлығы мол рет-рет.Алып тұр абыройлы қолға дерек,Бұл ерлер «Коммуннзм» колхозында,Көрсеңіз коғам үшін үлгі беред.Тәртіпті ісі болса көпшіліктің.Көрініп жұрт алдында шыға келед.Жоспарын артығымен орындаса,Бұлардың айрықша орны бөлек,Үкімет, партиямыз қамқорлықпен,Беріп тұр әр уақытта ұлы көмек.Ғылымның техника арқасында,Қолынан адамзаттың бәрі келед.