ВЕРНУТЬСЯ

Ән күйлерін жырласам,Әлемнің жүзін шарлаған.Пікірі алыс ойды алып,Қырандай көкке самғаған.Заманның өнерпаздары.Жетпісті тыңнан жалғаған.Жеңістен жетіп жеңіске,Қаламы шаршап талмаған,Көбейіп жытар күнбе-күн,Коммунизм жолы үшін,Ән-күйлерін арнаған,Дария болып тасқындай,Өнердің қайнар бұлағы,Ағытылды арнадан.Өнерім қайнар шалқыған,Қырандай дауысы қалқыған.Көз жетпейтін жері жоқҚанатын жайса шарқ ұрған.Келе жатқан қажымай,Салтанатты туынды,Жаңа заман салтынан.Ән-күйім найза, жырым от,Дұшпанның бетін шарпыған.Партия қыран лашын,Кеңіді қанат құлашым.Бет бұрып қамдап қалдырды,Өнердің мәңгі мұрасын.Туысқан партия жүрегім,Басшылық беріп тұрасың,Өркендеген өнерім,Көңіліне көптің ұнасын.Ақын, әнші, күйшілер,Шапқындатып төгілтіп,Шалқытып күйге бұрасын.Алға басып дамыған,Өнердің шынжық түрі бар,Мейлінше халқым сұрасын.