ВЕРНУТЬСЯ

Кәріліктің белгісі,Көңілдің қошы келмеген.Жарлылықтың белгісі,Жанын қинап өлмеген.Жар қызықтың белгісі,Өзіне-өзі сенбеген.Батылдықтың белгісі,Жасқантып жауын дендеген.Әкімдіктің белгісі,Тентекті тиіп жөндеген.Тентектіктің белгісі,Қауіп етпеген пендеден.Сақилықтың белгісі,Дерексіз нәрсе бермеген.Жамандықтың белгісі,Қауымға бас кірмеген.Қаталдықтың белгісі,Халықтың көңілін көрмеген.Төреліктің белгісі,Аяғын басып жүрмеген,Жігіттіктің белгісі,Мезгілсіз жүрген көлденең,Сұлулықтың белгісі,Көргендер аңсап шөлдеген.Шеберліктің белгісі,Өнер жасап өңдеген.Шешендіктің белгісі,Алқалы топ шаршыда,Әлеуметті иіріп,Үгіт айтқан термеден.Сопылықтың белгісі,Езуін тартып күлмеген.Бұл дүниеге ермеген.Ғалымдықтың белгісі,Болмайды заты білмеген,Зұлымдықтың белгісі,Жұмыла жанға сенбеген.Әділдіктің белгісі,Жақсы-жаман халықты,Бірдей көріп білмеген,Екіталай болғанда,Айқын жүйрік терлеген.Кейбіреуге айт десең,Сатады сөзін теңдеген.Менің сөзім сатусыз,Аға менен жеңгеден,Құлақ қатып тыңдасаң,Зейініңнен танбасаңМенің сөзім қошамет,            Көңіліңді бүгін делбеген.