ВЕРНУТЬСЯ

            Дүние жалған, өттің бе?Базарым, суып кеттің бе?Алпыс беске келгендеСырқат, шіркін, жеттің бе?Көтерем қудай талпынтыпӘлсіз, арық еттің бе?Ішке түскен ауыр дертКедергі салдың екпінге,Ырза бол, балам, қартыңа.Арасында халқымныңТүсірдім талай шаршыға,Атаның атын аздырып,Сөз келтірме артыма.Балапан қалды ұяда,Кеткенмен ұшып қаршыға,Көре алмастай уақыт келді.Енді бізден көп сәлемҰлан байтақ халқыма.Қоштастым бір жыл елменен,Аға-іні, жеңгемен,Ешбір тәуіп болмадыАуыр дертті емдеген.Күннен-күнге азайып,Әл-қуатым меңдеген.Кім қалар дейсің жалғандаОсы жүрген пендеден.Енді жолдас болармызҚабаты қалың жерменен.Қараңыз ажар, кейіпке,Айнала бердім шейіпке.Апарып мені жерлеіңзЖетібайдағы бейітке.