ВЕРНУТЬСЯ

Қара бала қол жайып

Солқылдатып өмірдің сан сауалы,

Жүрегімнен, миымнан қан сауады.

Дүбір салған ішімде дүлей тасқын,

Сыртқа бұзып шыға алмай жар соғады.

Күннен-күнге
тарылып ел тынысы,

Сезілмейді тірліктің
серпілісі.

Алаң қағып әркімнің
көзінде жүр,

Қасқыр тартқан тоқтының
қорқынышы.

Қалай айтпай қаламын
тіл барында,

Торғай кетсе
қырғидың тырнағында.

Әлдеқашан ұмытқан
аруақтар кеп,

Оятады ұйқымнан түн жарымда.

Тастағандай жанымды аршып отқа.

Шығар есікті таппасаң

Ей, көңілім, қайғырма, ағып өткен ай-жылға,

Қашан мұрттай ұшқанша табаныңды тайдырма.

Алма мойын алдында дайын тұрса иіліп,

Қылыш тисе
қолына бас алады маймыл да.

Қара дәуді жыққанмен
тауды қалай жығасың,

Жүре-жүре опасыз
дүние сырын ұғасың.

Темір келі -
тіршілік, құрыш келсап - заманың,

Тас болсаң да
мап-майда талқан болып шығасың.

Сарай салып
берсең де ешкім сені жақтырмас,

Кәрі мыстан қожайын қаптың түбін қақтырмас.

Арман деген қолыңда
жылтыраған инедей,

Уа,Дариға

О, сұлулық, сені іздеумен шөлдегі,

Қаңсып қалды жүрегімнің шөлмегі.

Тілді сорған таңдайымды қайтемін,

Тамшы судан - шөлдегеннің өлмегі.

Қаңғып өткен Мәжнүніндей Ләйлінің,

Ақ таяғын ат қып міндім қайғының.

Сен бір пері алып кеткен өзіңмен,

Сұм жалғанның азын-аулақ байлығын.

Сағыныштың құм күйдіріп табанын,

Сенделдім ғой, енді қайдан табамын?

Күн боп сүйген сенің ернің емес пе,

Өліп-өшіп көкжиектің тамағын?

Есік ашса кең аспанның күймесі,

Айдан анық маған орын тимесі.

Оразбай басында

Құлазитын секілді Тұнай тауы,

Ескі қыстау көргенді мұңайтады.

Өшкен ошақ,

Өлген үй,

Тозған мұржа

Сұрағанға сыздықтап сыр айтады.

Білеуленіп булықса қантамыры,

Оразбайдың мұнда өтті барша күні.

Аң шықпаса,

Басына жан
шығармас,

Шұнай еді меншікті Хантәңірі.

Заман аз ба бас қатып, ми қайнаған,

Байлық қуса,
кеңге де сыймайды адам.

Абай жазып жатқанда,

Оразбай бұл

Жылқы ізімен
даланы шимайлаған.

Өмір аз ба өтеуі өтелмеген,

Надандықтың қоржынын көтермеген.

Сүйеу болмас басыма

Айтардаймын мен
сонша кімге өсиет,

Таңдайыма
бітпесе бір қасиет!

Кете барам
кенеттен қалғып бір күн,

Көбелектей
басымды гүлге сүйеп.

Дос сұйылып бұл күнде, азды дұшпан,

Айыра алмай
жаурадық жазды қыстан.

Айналады тозаңға
қос қанатым,

Гүл үстінде
қалтылдап аз күн ұшқан.

Мен де тозып
біткенім тозаңдасам,

Алдыңғыдан сөкпегін оза алмасам.

Шама-шарқым
жеткені осы шығар,

Жарқ-жұрқ етіп шамалы көз алдасам.

Қызыл-жасыл
дүние алдандырған,

Страницы