ВЕРНУТЬСЯ

Жирен жорға

Тоғыз жыл сені, жирен, колға бақтым,Төгілтіп талай тойда жорғалаттым.Алысты жақын еткен жануарым,Теріңді тебінгіден сорғалаттым.Сурылып көп алдына шығамын деп,Құм демей, балшық демей, омбалаттым.Теңселтіп талай топта алған жүлде,Мінеки, ақырында сорға баттың.

Жеті бұлбұл

Жиналып жеті әнші желе жеттік,Бірігіп серілікпен елге жеттік.Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ,Өнер мен мерекені ермек еттік.Ерітіп соңымызға көпшілікті,Өнерді жасымыздан өрнек еттік.Кең ойып, шаршы төрден орын алып,Қара өлең төрттен салып дөңгелеттік.

Страницы