ВЕРНУТЬСЯ

Балқасым биді жеңуі

Өскінбай бірде Өзен деген жерде Борсымұрын, Қарабас қонысында отырған Балқасым бидің ауылына кезігеді. Үй сыртында қаңтарулы төрт-бес ат. Бұл да түсе қалады. Келсе, қонақтар би-болыстар екен.

Бурабек, Ырзабек байларды әшкерелеуі

Бурабек пен Ырзабек,Естіп едім сыртыңнан"Дәулеті мол мырза" деп.Көпшіліктің көңілі үшінМына отырған ӨскінбайТүніменен жырлап ед.Қонақасы деп бердіңҚатып қалған кұрғақ ет.Татымайтын жілігі,Өзі арық, тұздағы ет.Қызыл тілім сау болса,Осыныңды жаярмын,Қорықсаң, көшіп қырға кет.Қайырсыз байға қонғаннан,Паналы терең сай артық.Байлардың жал мен майынанЖоқ кісінің жарқылдап,Күліп берген шайы артық.Жорғасынан байлардыңЖарлының жалғыз тайы артық.Байлардың көрген күніненКүнсіздің туған айы артық.Көрмеген қайыр малынанҚарынбайдай қастаныңТалайын кеткен жер тартып.

Алмағанбет байды тілдеуі

Замана қысаң тарылған,Бай пейілден айрылған.Малшысынан дәметкен,Байлардың демі кем емес,Тамұқтағы жалыннан.Байдан қарыз сұрасаң,Жинап қойып ақшасын:"Олла, дымым жок, – дейді, –Бұйырмасын құрысын!"Өз малын өзі жасырған –Пенденің нағыз ұрысы!

Қаракөз

Қаз едік қатар ұшып қаңкылдаған,Сақара көлге қонып салқындаған.Құрбының қатар жүрген бәрі кетті,Елдегі күліп-ойнап аңкылдаған.Ән салып сауық кешпен келгенімде,Қуанып қалушы еді халқым маған.Аралап талай жерді көрсем дағы,Жан сәуле, сенен ешкім артылмаған.

Жастар едік....

Қара қандай, ақ қандай, шабдар қандай,Жақсы, жаман жігітке бағдар қандай.Тіршіліктің күнінде шалықтай бер,Уақыт болар бір күні дағдарғандай.Өмір деген өрмелеп келе жатыр,Жастар едік кешегі балдырғандай.Алып ұшқан асқарға көңіліңді,Күн кездесер кәрілік қалдырғандай.

Страницы