ВЕРНУТЬСЯ

Өскінбай бірде Өзен деген жерде Борсымұрын, Қарабас қонысында отырған Балқасым бидің ауылына кезігеді. Үй сыртында қаңтарулы төрт-бес ат. Бұл да түсе қалады. Келсе, қонақтар би-болыстар екен. Балқасым шайдан кейін:– Әй, Өскінбай, сені осы жұрт "жыршы-жыршы" дейді, жыршы екеніңді білейін, осы Қаратүйе, Манатыдан бастап, Маңғыстау түбегін теңізді жағалай жырлап берші, – дейді.– Жырлайын, бәске не тігесіз, – дейді Өскінбай.Масыққан би шалқая отырып:– Жырлай алсаң, мына жас жеңгеңді беремін, – дейді.Еріккен билер дуылдасып, Өскінбайдың талантына күмән келтіреді, келеке етеміз деп ойлайды.– Жарайды, – деп Өскінбай жырлап кетеді.Қаратүйе, Маната,Керті менен Сындыны,Бөрібас пен БағданыБіз айталы, жан ата.Онан былай сұрасаң,Оғыланды ер Бекет.Әруақты ер еді,Қысылғанға болған сеп.Онан былай қасындаҚарамая, Кендірлі,Қансу, Тамды, Көгесем,Қарасай мен Қызылсай,Жаманжол мен Қыңырақ,Алыстығын байқасаң,Тауы тұрған бұлдырап.Онан былай сұрасаң,Сақсұрқа мен Сүмбе су,Жерін байқап қарасам,Сексеуілді қалың ну.Оның былай қасындаҚаяса мен Шағала.Қыстың күні болғанда,Соның құмын панала.Оның былай қасындаБүйірбасы, Күрпітау,Дүлдүлата әулие,Аңызы болған керемет,Тастан сокқан бар түйе.Оның былай қасында Құрқызыл мен бар Сүйе.Одан былай суларыңҚарасеңірек, Бозат бар.Теңізін байқап карасам,Әрбір түрлі талап бар.Оның былай қасындаАуылым Кұйжақ, Дәне бар.Қақбастысы қасындаҚара суды қақ жарғанТемірбаба* және бар.Оның былай қасындаКөзді Ойық пен Күрткетік.Кендірлі деген жеріндеЖамандау салған қала бар.Оның былай қасындаТасұшы, Тоқпақ, Қызық бар.Мына отырған ділмардыңҚай сөзінде бұзық бар?!Оның былай қасындаЖыланды мен Құрық бар.______________________*Арал.Шын сөйлесе, шайырдыңАрқа құрты құрыстар.Оның былай қасындаҮрпек, Сарша, Исан бар.Қызылқұм деген жеріндеҚауын салған диқан бар.Оның былай қасындаҚосойық пен Еже бар,Қарақұм мен Қызылжар,Өмірзақ пен Ақеспе,Қошқарата, Қолтық, Құйрық бар.Қаражалшы, Ақшұқыр,Қажы болып Машырық,Медресе, мешіт салдырып,Бала оқытып жақсы тұр.Оның былай қасындаТүлкілі, Құйжақ, Саура бар.Сығынды тауын жағалап,Аралды, Үрдек барсақ, –Сауда бар.Оның былай қасындаАқкетік* пен қала** бар.Тауыменен өрлесең,Қарасу мен Саназар,Ақсу, Қолмыш және бар._____________________*Жер аты.            **Қазіргі Форт-Шевченко.Ақкетіктің қасындаЖаңа қала* мәйек** бар.Патша құрық салғасын,Қай пендеде дәйек бар.Оның былай қасындаҚаракұдық, Қараған,Әтіре, Талшық Мерет бар.Айта берсем, таусылмасЖыршыңызда дерек бар.Жаз жайлауға күн ыссы,Қарағашты, Борлы, Үдек бар.Теріс жағы жерінде,Жайлай қалсаң, күзек бар._______________________*Баутин порты.            **Қарағантүп қыратындағы маяк.Оның былай қасында,Тұщықұйы, Шат пененКөкала тас бауыр бар.Бұл Шат деген жеріңдеКөшпейтұғын белгіліКөрпе* дейтін ауыл бар.Оның былай қасындаҚазбайыр, Діңгек, Тарпалы.Талай жұрттың жауласып,Көп қырылған жері екен.Аты аталған себебінСол кісіге артады.Оның былай қасындаАнау тұрған Даныспан**.________________________*Ру аты.**Ертедегі зират, Тарас Шевченко суретінде бар."Даныспанның атасыУәзір деген хан екен.Түркістанда оқығанОтыз сегіз бала екен.Әмір мағрұп бұйрықпен,"Жайың сонан болсын" деп,Таушык пенен Ұланак,Бір түнде ұшып Даныспан,Тауы соған келіп сұлаған"*.Оның былай қасындаЖыңғылды менен Қарқын бар.Балдағы алтын ақ болат,Суырсаң, жауға жарқылдар._________________________*Өскінбай естіген аңыз.Оның былай қасындаТұщыбек пенен Бесбұлақ.Жайылып жатқан тауындаТаушы баққан ешкі-лақ,Оның былай қасындаАққауын менен Керіз бар,Аңыз қылған айтулыҚала салған перің бар.Оның былай қасындаАғашты, Шонжақ, Оңды бар.Шоң деген судың басындаҚұрманәлі хазіретМешіт салған қоңды бар.Оның былай қасындаӨнеже мен Шилі бар.Бұрынғы өткен қарттардаНендей дана милы бар.Оның былай қасындаҚаттықұйы, Елік, Өгіз, Өреуіл –Түрікменнің жері екен.Қара атан қиғаш мінгізгенБатыр туған сол күндеАты атанған Көреғүл.Оның былай қасындаТау тұмсығы Бердәлі,Жаңғызеспе Маната.Сөге көрме сөзімді,Манағы айтқан жерімеҚайта келдім, жан ата!– Өскінбай уәдесіне жетпеді, – дейді Балқасым.– Неге?– Алажағы бар кісі алажағын барып ала ма, әлде апарып бере ме?– Иә, барып алады, – деп жамырасады билер.– Онда, Өскінбай ауылымның ана жағын жырлады, мына жағын жырлады, түбекті жағалап өтті, Балқасым жағадан ішкері жас әйелін құшақтап бұқты да қалды, жырмен ауылыма әлі жеткен жоқ, – дейді Балқасым.Өскінбай қайтадан айтып өткен жері Қараған меи Босағадан бастап, Қарақия тауын шырқ айналып, жол жүйесімен Үдек мекенінен асып түсіп, Балқасым отырған Борсымұрын, Қарабасқа жырмен келіп жетеді:Қараған мен Босаға,Қарашақ пен Сайқұдық.Бесоқты мен Тоңаша,Малы жатыр оңаша.Жаққан отын қарасаң,Сексеуілді томаша.Оның былай қасындаАқшақұйым, Машырық,Айтпайым ба жасырып.Мырзайыр мен Басқұдық,Жылқыға жаман болған соң,Айтпай кеттім қас қылып.Бекі менен СәубеттіңТөрткілі жатыр қасқиып.Оның былай қасындаҚандыбас пен Жантақты,Ұйқылы мен Боржақты,Ұшқиы, Саура ортада,Айтпай кетер деп пе едіңСауытты мен Құйжақты.Балша, Шіңгір суың бар,Майбұлақ қара сіңірек.Ел келгенде паналап,Мал жаюға кеңірек.Оның былай қасындаЖиделі мен Ақбұлақ,Қыстың күні болғанда,Ащы судан іше алмай,Мұз алар ел шапқылап.Оның былай қасындаҮдек, Мінер суың бар,Мінер судың басындаҚалың қамыс нуың бар,Оның былай сыртындаӨзен, Шынжыр белгілі,Борсымұрын, Қарабас.Шөбін байқап карасам,Бұйырғын, жусан аралас.Қызыладыр, Астау, Ой,Ол – ит тиген арам ас,Күн жаумай ел бара алмас.Оның былай қасындаҚауынды мен Қорғанбай.Уақ малға жайы жоқ,Екі-үш қара күнелтіп,Азғана күн тұрғандай.Уәдесін жұта алмаған Балқасым:– Өскінбай уәдесінен шықты. "Аға өлсе – жеңге мұра" деген бар. Біз қанша жүрер дейсің, жеңгеңді сосын аларсың, – деп саскалақтайды.– Бәстесіп, бәйге алмақ емеспін. Жырлап беруге жыршы құдіреті жетті ме, соны білсеңіздер болды, – дейді Өскінбай.