ВЕРНУТЬСЯ

Дүние, жарға ойнаған лақтайсың

Дүние, жарға
ойнаған лақтайсың,
Мекен ғып қандай
жанға тұрақтайсың?
Еріксіз
көнбегенді көндіресің,
Жол білмес асау
кердей бұлғақтайсың.
Аз ғана көңіл ашар
қызығың бар,
Кетеріңе келгенде
сылақтайсың.
Тынығы жоқ шыныға
құйғандай-ақ,
Қашарыңа келгенде
сынаптайсың.

Сұлу ағаш

Тұрмысың
аман-есен,Сұлуағаш,
Қыстауға құмар
еді тамам ағаш.
Малы жоқ
Жаманқыздың қара құрым,
Сып-сида
көрінесің жап-жалаңаш.
Сұлулық қалыбыңда
тұрсыңба аман,
Келуші ем
шаттықпенен мен де саған.
Қой маңырап,сиыр
мөңіреп жатқан ағаш,
Иеңнің сөйткен
сенің жоғы жаман.
Жүруші ем
келіп-кетіп жүргенімше,

Дос емес, дос сыртынан жамандаса

Дос емес, дос
сыртынан жамандаса,
Несі дос, бір
қатесін жаба алмаса?
Дұшпан шіркін
сыртыңнан не демейді,
Қауіп етіп бір
адамнан ұялмаса.
Дос емес, достың
сөзін бөтен десе,
Достықтан бір
өкпемен кетем десе.
Арадан неғып
достық табылады,
Саған да бір іс
тауып етем десе.
Дос емес, достың
сөзін көтермесе,

Борыш бар тұс-тұсынан қамалаған

Борыш бар
тұс-тұсынан қамалаған,
Жетпейді оған
дәулет шамалаған.
Еш нәрсе еске
кіріп шықпайтұғын
Қылмадың ең
болмаса жаман адам.  
Көп ойлап,түсті
нұқсан жамалыма,
Әркімнің берін
тағдыр ғабарына.
Дамбарда,Шұбарменен
бе мың үй бар,
Сәлем де игі
жақсы адамына.

Уә,дүние,мұнша қатты еттің мені

Уә,дүние,мұнша
қатты еттің мені,
Әуре боп мен
жаымнан қудым ені.
Ғұмырымды
ойлаймын да,аһ ұрамын,
Өттің деп
жігіттіктің керуені
Дүние, қудым сені
он жасымда,
Жарадым  сол уақытта жолдасыңа.
Білгенде мақұрым
тастап кетеріңді,
Қасыңа жуыр ма
едім о басында.
Дүние, опаң да
жоқ, сыпаң да жоқ,

Страницы