Уә,дүние,мұнша
қатты еттің мені,
қатты еттің мені,
Әуре боп мен
жаымнан қудым ені.
жаымнан қудым ені.
Ғұмырымды
ойлаймын да,аһ ұрамын,
ойлаймын да,аһ ұрамын,
Өттің деп
жігіттіктің керуені
жігіттіктің керуені
Дүние, қудым сені
он жасымда,
он жасымда,
Жарадым сол уақытта жолдасыңа.
Білгенде мақұрым
тастап кетеріңді,
тастап кетеріңді,
Қасыңа жуыр ма
едім о басында.
едім о басында.
Дүние, опаң да
жоқ, сыпаң да жоқ,
жоқ, сыпаң да жоқ,
Қисайып қырын
кетсең қапаң да жоқ.
кетсең қапаң да жоқ.
Бақытың
дәулетіңмен бірдей тұрса,
дәулетіңмен бірдей тұрса,
Қылады дұшпан
қызмет атаңдай боп.
қызмет атаңдай боп.
Дүние, сұлу
қыздай бұраңдадың,
қыздай бұраңдадың,
Қуа алмай,
қызыққан соң,тұра алмадым.
қызыққан соң,тұра алмадым.
Басыңды қанша
жарға соқсаң дағы,
жарға соқсаң дағы,
Дегені болады екен
бір Алланың.
бір Алланың.
Басымнан
қатар-қатар өтті заман,
қатар-қатар өтті заман,
Кірем бе
қасіретке жүрсем һәмән.
қасіретке жүрсем һәмән.
Халыққа сырымды
ашып сөз айтарға,
ашып сөз айтарға,
Назарын бір
салмады дүние маған.
салмады дүние маған.
Бар шығар бір
күнәйім ұнамаған,
күнәйім ұнамаған,
Тағдырым беріп те
дәулет сынамаған.
дәулет сынамаған.
Тағдырдың бұйрығы
бар таңғажайып,
бар таңғажайып,
Береді бір
наданға сұрамаған.
наданға сұрамаған.
Бермесе,бетке
шіркеу, перде Құдай,
шіркеу, перде Құдай,
Ашылып күле
алмаймын бұрынғыдай.
алмаймын бұрынғыдай.
Жанасқан
жақсыларға бейшараңыз,
жақсыларға бейшараңыз,
Бұл күнде
қасіретпен қонды сыбай.
қасіретпен қонды сыбай.
- 72 просмотра