ВЕРНУТЬСЯ

Досым Жанысбекке ескерткіш

        Кетіп қапсың,
Жанысбек,

жылды күтпей,

Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.

Жазды күнгі
теңіздей толқып, шалқып,

Өмір кешіп
жүруші ең бір жігіттей.

Бала күннен, бал
күннен бірге өсіп ек,

Талай балғын бір
атқа мінгесіп ек.

Есік
интернатында өңкей арман

Баласындай бір
үйдің күн кешіп ек.

Қиялдаушы ек алдыны жатып әр түн,

Жаныс жайсаң
бала едің, затың алтын.

Әзілің де бар
еді құрдасқа айтар,

Жаз үніңде
жақсылық оты бар-тын.

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз

       Оянып ап ақ
таңнан, қыбырлаймыз,

Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.

Барлығына уақыт
жоқ жететұғын,

Күн көзіне
отырып жылынбаймыз.

Қаппаса да
қармақты күміс балық,

Ауасымен
арманның тыныстадық.

Міндет тауып
аламыз өзімізге,

Күні бойы
бітпейтін жүмыс тауып.

Арқамызға
жүктерін күн артады,

Бақыт тауып
аламыз бұдан тағы.

Қуантуға біреуді
асығамыз,

Біздерді де
біреулер қуантады.

Жеткізсек деп
ойлаймыз жас баланы,

Бір баяулап келемін, бір қарқындап

       Бір баяулап
келемін, бір қарқындап,

Қолым жетер
жерлерде тұрды алтын бақ.

Асулардан
екпіндеп асты арманым,

Менің жігіт
күнім боп бір жарқылдап.

Қайда барсам,
қуанам, алдым жарық

Арайланам ақ
жүзім бал-бұл жанып.

Келген таңмен
өмірім араласып,

Құшағына кіреді күннің барып.

Бола бермес бәйгеде әркім алды

       Бола бермес
бәйгеде әркім алды,

Жетем деген көп жерден көңілім қалды.

Қақсам болдым
барында қанатымды,

Бақсам болды
әлпештеп балаларды.

Болам деген ойым
жоқ мүлдем ірі,

Қуанышым
өлкемнің гүлді өңірі.

Келер елдің
бағындай көрінеді

Немеремнің бір
нәрсе білгендігі.

Көтерілем, көбейем көп себептен,

Ешкім жоқ қой
дүниеден ән сап өткен.

Бәрін көріп көзіммен,

ал сөзіммен

Көмектесіп
соларға кетсем әттең.

Сәуір келгенде

       Сәуір күні
жаңбырлы ма, желді ме,

Қабағынан шуақ
шашты келді де,

Алты ай қыста
үйден шықпай отырған

Атама өзі жұмыс тауып берді де.

Бақ ішіне ертіп
барды атамды,

Атам күннен
таусылмайтын от алды.

Ауламызға егіп
жатыр алма ағаш,

Алмаға бір
тойдырам деп ботамды.

Ботасы мен
алмаға бір тоймайтын,

Іші пысса,
күшігімен ойнайтын,

Кәмпит те бар,
өрік те көп, алма көп,

Атам бар да
менің қамымды ойлайтын.

Страницы